Өнер • 29 Қазан, 2018

Қарағандылық бишілер республикалық байқауда топ жарды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен республикалық «Күншуақ» байқауында Қарағандының бишілері табысты өнер көсетті.

Қарағандылық бишілер республикалық байқауда топ жарды

«Қуаныш» ансамблі «Халық биі» аталымында (7-10 жас аралығы) «Қараторғай» халық биін орындап,  1-орынға ие болса, дәл осы аталымда (11-13 жас санаты бойынша) Ника Кривенко «Соёмбо» биі үшін Гран при жүлдесін жеңіп алды.

«Эстрадалық би» аталымында (7-10 жас) ансамбль мүшелері «Біз болашақтанбыз» атты хореографиялық қойылыммен сахнаға шықты. Қазылар алқасы бұл биді де үздік деп танып, Гран при жүлдесімен марапаттады.

«Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің негізін 1994 жылы Қорлан Мұқатова қалаған. Қазіргі таңда ұжымға Айман Тойболдина жетекшілік етеді. Ансамбльдің репертуарында 60-тан астам хореографиялық қойылым бар.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды