Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Қазақстан «Doing Business» халықаралық рейтингінде 28-ші орынды иеленді

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банктің «Doing Business»рейтингінің 2018 жылғы 31 қазанда шыққан нәтижелері бойынша, Қазақстан соңғы 11 жылда өз рейтингін 36 тармаққа арттыра отырып, 190 елдің арасынан 28 орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Қазақстан «Doing Business» халықаралық рейтингінде  28-ші орынды иеленді

Қазақстан ЭЫДҰ-ның Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сынды елдерін басып озды.

Ұсынылған рейтинг нәтижелері Қазақстанның негізгі 10 бағыттың 6-уы бойынша жоғары ілгерілегендігін көрсетті.

Қазақстан өзінің «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша бірінші орнын сақтап қалды және рейтинг қорытындысында мынадай индикаторлар бойынша алға шықты:

«Келісім шарттарды орындауды қамтамасыз ету», рейтингтегі 6-позициядан 4-ке көшу арқылы(+2);

«Құрылысқа рұқсат алу», рейтингтегі 52-позициядан 35-ке көшу арқылы(+17);

«Кәсіпорын ашу»,рейтингтегі 41-позициядан 36-ға көшу арқылы(+5);

«Төлеу қабілетсіздігін шешу», рейтингтегі 39-позициядан 37-ге көшу арқылы(+2);

«Кредит алу», рейтингтегі 77-позициядан 60-қа көшу арқылы(+17);

«Халықаралық сауда», рейтингтегі 123-позициядан 102-ге көшу арқылы(+21).

Қалған үш индикатор бойынша республиканың позициясы: «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша 18 орын - 1 позицияға, «Салық салу» индикаторы бойынша 56 орын– 6 позицияға, «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша 76 орын – 6 позицияғатөмендеген.

Бұдан бір жыл бұрын Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 36-позицияны иеленген болатын.

Үкіметтің 2014-2018 жылғы кезеңдерде Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту бойынша бірқатар теңдессіз түбегейлі реформалар жүргізуі Қазақстанның бүгінде «Doing Business» әлемдік рейтингіндегі елдердің ТОП-30-дығына енуінің нәтижесі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20