«Өмір үшін сайыс» қайырымдылық турнирінің дәстүрлі көмегі
Алматыда өткен жылы теннистен дәстүрлі қайырымдылық турнирін өткізген «Play4Life» (өмір үшін сайыс) бастамашы тобы биылғы жылды да қайырымдылық сайысынан бастады. Астана қаласында Ұлттық теннис орталығындағы «Дәулет» спорт клубында алғашқы қайырымдылық турнирі болып өтті. Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Теннис федерациясы және Астанадағы Ұлттық теннис орталығының қолдауымен «Play4Life» бастамашы тобы ұйымдастырған сайыс «Play4Life Open Astana» теннис спорты әуесқойлары арасында болды.

Қайырымдылық турнирін ұйымдастырудағы басты мақсат еліміздегі балалар үйлері мен жетім балалар мен мүгедектер орталықтарына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Турнирді ұйымдастырушылар үшін бұл – волонтерлік іс-шара және жыл сайынғы коммерциялық емес жоба. 2006 жылдан бері жүйелі жүзеге асырылып келе жатқан сайыстың биыл жетінші рет Астанада жалғасын табуы, әрине, құптарлық жәйт.
Атап айтарлығы, турнирге қазақстандық және шетелдік «Самұрық-Қазына финанс» ЖШС, СК «Фармация» АҚ, «BG Kazakhstan», «Arcelor Mittal», «Mega Centre Astana», «Bechtel International» және басқа компаниялардың 22 жетекшісі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Қайырымдылық турниріне «Mobil» және «Varta» сауда маркалы «Kulan Oil» ЖШС, «Евразийский банк» АҚ, «Mont Blanc» сауда маркасы, «Сентрас Иншуранс» АҚ және басқа да компаниялар қатысып, белсенділік танытты. Сондай-ақ, жеке тұлғалар да өз үлестерін қосты, соның нәтижесінде барлығы 2 миллион теңге жинақталды.
Қайырымдылық турнирінің ашылу салтанатында оны ұйымдастырушылар – Ерлан Балғарин мен Елена Цой және Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығының басшылығынан Қуандық Елжанов сөз сөйледі. Бір құптарлығы, бұл сайысқа қатысушыларға қазақстандық теннис жұлдыздары – М.Кукушкин, Г.Воскобоева және Я.Шведова Австралияның Мельбурн қаласынан «Play4Life Open Astana» турниріне қатысушыларға арнап бейнежолдау жіберуінің маңызы зор болды.
Теннистен өткен қайырымдылық сайысынан түскен қаражат «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-қа аударылмақ. Бұл орталықта қант диабетімен сырқаттанатын бір жастан он сегіз жасқа дейінгі 340 бала емделуде. Түскен қаражаттың қалай пайдаланылғандығы жөніндегі есеп еліміз Теннис федерациясының сайтында жарияланатын болады.
Қанат ЕСКЕНДІР.
Алматы.