12 Наурыз, 2012

Маусымашар матчтар

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маусымашар матчтар

10 наурыз күні футболдан Қазақстанның ХХІ чемпионаты жалауын көтерді. Кездесулер еліміздің жеті қаласында аса қызықты және тартысты жағдайда өтті.

Биылғы маусымның алғашқы турында Астанада жанкүйерлер күтпеген нәтиже тіркелді. «Астана» өз алаңында «Тараздан» 0:2 есе­­бімен жеңіліп қалды. Содан кей­­ін Қызылорданың «Қайсар» клу­бы да өз алаңында дәл осындай есеппен «Ақтөбеге» есе жі­берді. Ал Оралдың «Ақжайық» командасы Көкшетауда өзімен бірге бірінші лигадан келген «Оқжет­пес» клубын 0:3 есебімен ұтып, жанкүйер­леріне тосын сый жасады.

Осы турда Қазақстан Суперку­богының иегері – Шымкенттің «Ордабасы» командасы әдемі ойын өрнегін көрсетті. Олар сырт алаңда «Атыраудан» 2:3 есебімен басым түсті. Бірінші турдағы ал­ғашқы жеңісіне тағы Алматының «Қайратын» қабылдаған Қоста­най­­дың «Тобыл» ұжымы жетті. Олар алматылықтарды 4:0 есе­бі­­мен ұтты. «Ертіс» (Павлодар) – «Шах­тер» (Қарағанды) және «Сұң­қ­ар» (Қаскелең) – «Жетісу» (Тал­ды­қор­ған) командаларының ара­сын­дағы ойындар 1:0 есебімен алаң иеле­рінің пайдасына шешілді.

Бұл турда «Тобылдың» шабуылшысы Бауыржан Жолшиев пен «Ақжайықтың» ойыншысы Игорь Зенькович екі доптан соғып, мергендер көшін бастады.