Қазақстан • 27 Қараша, 2018

Жастар жылынан не күтеміз?

824 реткөрсетілді

Елбасының «Жастар жылы» туралы Жарлығының жариялануы ел арасында қызу талқы тудырды. Келесі жыл жастар үшін айрықша мәнді болатыны рас: жастардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шараларға бөлінген қаржы ұлғайып, аймақтардағы инфрақұрылымның сапасы жоғарылайды, ал жастар мәселелері еліміздің барлық бағытының саясатында елеулі түрде ескеріліп,  жас қазақстандықтарды қолдау жүйесі жетілдірілетін болады. Осыған байланысты жаңа мүмкіндіктерді асыға күтіп отырған жастардың өздерінің рөлі қандай?

Аталған мүмкіндіктер елі­мізде бұған дейін де аз емес еді. Әлем­­нің көптеген елдерімен салыс­­тырғанда Қазақстан жастар үшін қолайлы жағдай жасауға аса жоғары көңіл бөледі, дегенмен олардың нәтижелілігі жастардың өзіне де байланысты. 2017 жылғы «Жастар прогресінің индексі» нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасында «Негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз ету» көрсеткіші бо­йынша Ресейден алдыңғы орында, ал жастардың азаматтық бел­сенділігі өлшемінен төменірек көрсеткіш анықталған. 

Қазақстанда жастар саясаты жастарды қолдауға бағытталған айрықша институт болып табылады, сондықтан мемлекет жастар саясатына ерекше көңіл бөледі. 2013 жылы Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабыл­данып, 2015 жылы оның бірінші кезеңі аяқталды. Тұжы­рым­дама аясында 2012 жылы барлық облыс пен Астана және Алматы қалаларында жастар­дың дамуына қолайлы жағдай жасай­тын жастар саясаты жөнін­дегі аймақтық басқармалар құ­рыл­ды. Ал жас азаматтарға көмек көр­сету мақсатында респуб­лика­да Жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) ашылды. Қазіргі таңда елімізде 210 ЖРО жұмыс істеу­де және 2258 маман жастарға қызмет көрсетумен айналысады. 

Қазақстан Республикасы­ның Мем­лекеттік хатшысы Гүл­шара Әбдіқалықованың айтуынша, келесі жылы Жастар ресурс­тық орталықтарының жұ­мысы жетіл­дірілмек. «Таза ариф­мети­калық түрде санағанда, бізде бір ЖРО-ға 20 мыңға жуық адам қарайды, ал дәл осы сан Эстонияда, ЭДЫҰ елдерін санамағанда, тек 590 адам ғана екен. Осы мәлі­ме­т­терді есепке ала отыра, Жас­тар жылын­да ЖРО санын арт­ты­ру және оларды Бірыңғай ай­мақ­тық стан­дартқа енгізу орынды деп есеп­теймін», дейді Г.Әбдіқалықова. 

2018 жылы «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы жастар ұйымдары жұмысына мақсатты-бағдарлы тәсілдемені енгізу туралы Жол картасын қабылдады. Ал «Жас Отан» Жас­тар қанатының 2019-2020 жылдары білім беру ұйымдарында жастар парламентін құруы жос­парланған. Сонымен қатар елі­міз­дің барлық аймағында аула клуб­тарының, спорт алаң­дары­­­ның саны арттырылады. Жос­парланған шаралардың бар­лығы Жастар жылына орай жасалған «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында» жастар саясатын жүзеге асыру картасында баяндалады.

Бұл Жастар жылы жос­­пар­ларының тек кішкене ши­ре­гі ғана, дегенмен аталған­ның бар­лығы ең алдымен жас қазақстан­дықтардың өздері мен олармен жұмыс істейтін маман­дар­ға қосымша жауапкер­шілік жүктейді.

Біріншіден, жастармен жұмыс істейтін мамандарға күнделікті жұ­мыстың мазмұндылығы мен жүйелілігін жоғарылатып, жұрт­қа жақын болу керек, ал жастар ұйымдарының көшбасшылары әрдайым халық ортасынан та­был­ғаны абзал. Қазіргі заман адам­дардың назары үшін бәсеке­лестікті талап етеді, өйткені жаһандық қоғамда қатарынан ұсынылатын баламалы қармақ көп. Ұйымдар халықтың келгенін күтпей, жастар қоғамына өздері сіңісуі керек – олар жиналатын орталықтар, клубтармен тығыз жұмыс істеп, мүшелеріне жастардың мүмкіндіктерін насихаттауы қажет.

Екіншіден, жас қазақстан­дықтардың өздері де әлеуметтік лифттердің тік жылжуды қамта­ма­сыз етпейтінін түсінгені жөн. Ол лифттерді тауып, кіріп үл­геру де аса маңызды. Мансап, өмір­лік табыс, әл-ауқат – мұның барлығы ең алдымен адамның өз құзырында. Қазіргі таңда әлем халықтарының барлығы бір-бірімен қатаң бәсекелестікте, сондықтан Жастар ресурстық орта­лықтарына барып, бағдар­ламалар мен жобалар туралы мәлімет, өзінің әлеуетін қалай және қайда дамыта алатыны, қайдан қандай көмек ала алатыны туралы ақпарат іздеуі керек.

Жастық шақ – қуат пен бел­сен­ділік кезеңі және оларды конс­­труктивті арнаға бағыттау мақ­сатында елімізде әртүрлі жас­тар­ға арналған жобалар (ерік­тілік, танымдық, сауықтық) жүзе­ге асырылуда. Мемлекет жастардан сол мүмкіндіктерді пайдала­нып, мүдделес, прогрессивті қатар­ласт­арымен араласу арқылы әлеует­ті дамыту жолдарын іздеп, жаңа ойларды жүзеге асырудағы мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануын күтеді.

Аида СЫЗДЫҚОВА,

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші сарапшысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұлт болып ұйысудың үлгісі

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Ұқсас жаңалықтар