Форумға инвесторлар, жаңа жобалардың бастамашылары, Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік органдар мен ТҰК өкілдері, отандық бизнестің үздік менеджерлері, Қытай, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Әзірбайжан, Еуропалық кеңес елдері, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан сынды 23 елден келген инвесторлар, барлығы 400-ден астам адамды жиналды.
Форумның негізгі мақсаты - өңір экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар ағынын тарту.
Инвесторлар «Зерттелген кен орындары – инвестицияға арналған бағдар» көрмесімен танысты, онда облыстың мұнай өндіру, газ өңдеу, қара және түсті металлургия және АӨК сияқты инвестицияны қажет ететін экономиканың басым секторларындағы отыздан астам перспективті жобалары ұсынылды. Қонақтарға географиялық картасы мен мұнай-газ саласында тау-кен өндірудің жаңа технологиялары туралы ақпараттары бар еркін кен орындары, тауашалы жобалар, сонымен қатар, «Жергілікті тауар өндірушілердің электрондық каталогы» және т.б таныстырылды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуале Де Авино, Орынбор облысының бірінші вице – губернаторы Сергей Балыкин, ТҰК басшылары, өңірдің бизнес қоғамдастық өкілдері мен сарапшылары қатысқан негізгі пленарлық отырыста индустриялық-инновациялық даму саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қонақтарға форумға қатысқандары үшін алғысын білдірді.
«AKTOBE INVEST» форумы жылдан жылға жүйелі түрде дамып, бизнес үшін қуатты диалог алаңына айналып келеді. Қазіргі форум тақырыбының «Сенім. Өсу. Даму» деп аталуы кездейсоқтық емес. Бүгін облысымызға Түркия, Қытай, Германия, Нидерланды, Ресей және т.б елдерден шетелдік инвесторлар келді. Экономиканың негізгі драйверлері болып табылатын трансұлттық компаниялардың тізімі кеңеюде. Мәселен, «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» өзінің жұмыс жасаған жылдарында 10 млрд. долларға, «Қазхром» ТҰК» 750 долларға қосалқы нысандарды жүзеге асырды» - деді Бердібек Сапарбаев.
Бүгінгі күні шетелдік инвесторлар өңірде ондаған ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олардың қатарында мыс-мырыш кен орындарын игеруге және мырыш концентратын шығару үшін терең өңдеу өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беретін, 4.0 индустрия элементтері бар «Ақтөбе мыс компаниясы» байыту фабрикасын жаңғырту жобасы бар. Бұл өнім Ресей мен Қытай нарықтарында сұранысқа ие болады.
Италяндық «Эни» мұнай-газ компаниясы General Electric компаниясымен бірлесіп Қарғалы ауданында қуаты жылына 48 МВт болатын жел электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция көлемі 33 млрд. теңгені құрайды. Бұл іске асырылып жатқан жобалар тізімінің соңы емес.
«Бірінші инвестициялық форум өткізілген сәттен бастап аймақ экономикасы 23% - ға жоғарылап, 1,8-ден 2,3 трлн-ға дейін өсті, экономиканың барлық салалары дамыды: өнеркәсіп көлемі 24% - ға, ауыл шаруашылығы 33% - ға, сауда 27% - ға артты. Былтыр өңір экономикасының өсімі 5 % құрады, биыл да өсім сол деңгейде сақталады. Алдағы бес жылда кәсіпорындар 600 млрд. теңгеге жабдықтар мен процестерді жаңартатын болады. Біздің облыс шикізатқа тәуелділіктен арылып келеді. Өңірде «Болашақтың экономикасы» бағыттары белсенді түрде дамуда, 4.0 Индустрия элементтері мен ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған әзірлемелер қолданылып жатыр» - деп атап өткен өңір басшысы Қазақстандағы ең ірі индустриалды аймақтардың бірінің аумағында жиырма жоба жүзеге асырылып жатқанын, оның ішінде алтауына шетелдіктердің қатысы барын да қоса айтты. Инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге болатын бес жоба ендігі пайдалануға беріліп қойған.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров облыстың өңдеу өнеркәсібін дамыту жұмысының нәтижелеріне жоғары баға берді.
«2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша өсім 13,6% құрады. Ақтөбе өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция салу тұрғысынан елде көшбасшылардың бірі болып табылады» - деді ол.
«Форумның деңгейі өсіп, бірлескен кәсіпорындардың саны артуда. Біздің форумға қатысуымыз өңірлерімізді жақындастырып, экономикаларын дамытуға қызмет ететініне сенімдімін» - деді Орынбор облысының бірінші вице – губернаторы Сергей Балыкин.
Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуале Де Авино өз сөзінде италяндық компаниялар ақтөбелік кәсіпкерлермен жемісті ынтымақтастыққа үміт артатындарын және ең озық технологияларды тартуға, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде жергілікті мазмұнды қолдауға дайын екендерін атап өтті.
Форум аясында құны 300 млрд теңге болатын тоғыз перспективті жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Мәселен, жақын арада Ақтөбеде қоқыс өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. «Kazakhstan BAB Investment Group Co. LTD» ЖШС инвесторы осы жобаға 185 млрд. теңге салуға дайын. Белоруссиялық «Лидсельмаш» холдингінің басқарушы компаниясы» ААҚ ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыт құрылысын бастауға ниетті. «Uros Group» (Финляндия) Ақтөбе нарығын тұрғын үй құрылысы шаруашылығына ІТ – технологияларды енгізіп, дамытуда болашағы зор деп санайды.
«Уфамұнайгазмаш» ЖШҚ башқұрт кәсіпорны блокты-модульді және блокты-каркасты мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін ірі жобалардың қатарында "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-нің кен байыту өндірісін жаңғырту және мыс-мырыш кенінің кен орнын игеру жұмыстары, катодты мыс өндіретін және Бенкала және Оңтүстік Бенкала кен орнын игеретін «SM Minerals» ЖШС-нің тау-кен байыту кешенінің құрылысы бар.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы бес жылда өңір экономикасына 2,2 трлн теңге инвестицияланған. Осы жылдың өзінде 510 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр.