Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған нысанда облыс әкімі Құмар Ақсақалов болып, еңбек ұжымымен кездесті.
«Биыл Қазақстанда заманауи 10 сүт-тауарлы фермасы ашу белгіленсе, оның төртеуі біздің өңірде бой көтереді. Алда жылына 3-4 сүт фермасын құру міндеті тұр. Сөйтіп ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Сүт-қашанда үлкен сұранысқа ие өнім», деп атап өтті Құмар Іргебайұлы.
Тұтастай алғанда, облыста 7 заманауи сүт-тауарлы фермасы салынуда. Іссе қосылса, жылына қосымша 17 мың тонна сүт өндіру мүмкіндігі бар.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы