Спорт • 11 Желтоқсан, 2018

Атырауда айқасатындар анықталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 желтоқсанда Атырау қаласында ережесіз жекпе-жектен «М-1 Challenge Battle in Atyrau» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Ол жарыста әлемнің бірқатар мемлекетінен келген спортшылар күш сынасады.

Атырауда айқасатындар анықталды

Сол кештің басты жекпе-жегінде америкалық Нейт Ландвер мен украиналық Андрей Лежнев айқасады. Олар осы ұйымның жартылай жеңіл салмағының чемпиондық белбеуін сарапқа салады. АҚШ-тың өкілі осы күнге дейін 13 бәсеке өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен. Қазіргі кезде чемпиондық тәж сол жігтке тиесілі. Украинаның саңлағы 25 рет айқас алаңына шығып, 18 рет басымдыққа ие болды. Тағы бір маңызды кездесу жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі польшалық Рафал Киянчук пен ресейлік Гига Кухалашвили арасында өтеді.

Сонымен бірге көрермендер тағы 10 рейтингтік бәсекелердің куәсі болады. Бұл жекпе-жектерде мыны спортшылар өзара шеберлік байқасады:

Эдуардо Рамон (Бразилия) – Данила Приказа (Ресей)

Бақытбек Дүйшобаев (Қырғызстан) – Сергей Морозов (Қазақстан)

Баяман Нұрмамат (Қырғызстан) – Хамзат Далгиев (Ресей)

Сергей Клюев (Ресей) – Абылай Төлеш (Қазақстан)

Кайк Аленкар (Бразилия) – Санжар Әділов (Қазақстан)

Брэндон Белл (АҚШ) – Мұрат Әбдурахманов (Қазақстан)

Кирилл Фоменков (Ресей) – Ассу Алмабаев (Қазақстан)

Михаил Кузнецов (Ресей) – Нұрбек Қабрахманов (Қазақстан)

Василий Козлов (Ресей) – Георгий Акошвили (Украина)

Мате Саникидзе (Грузия) – Сәбит Жүсүпов (Қазақстан).

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар