Дәрі-дәрмектің бағасын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы жаңалықтар туралы айтып берді. Сондай-ақ, Президент Жолдауын іске асыру аясында дәрі-дәрмектердің бағаларын төмендету шаралары туралы сөз қозғалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Егемен Қазақстан
11.01.2019 9598
2

Л. Бюрабекованың айтуынша, «кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әәзірленген және барлық дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуге бағытталған.

«Заң жобасы жарияланғаннан кейін үш ай уақыт өткен соң күшіне енген кезден бастап шекті көтерме және шекті бөлшек сатылым бағаларын анықтау рәсімі басталады, көтерме дистрибьюторларға және бөлшек саудада осы анықталған шекті бағалардан асырып дәрі-дәрмектерді сатуға тыйым салынады», деді Людмила Бюрабекова.   

Дәрі-дәрмектердің бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу өңірге қарамастан, көтерме және бөлшек сегментте дәрі-дәрмектердің бірыңғай бағасын қалыптастыру механизмін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, халық үшін дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін арттырып, фармацевтикалық нарық қатысушыларының, яғни дәрі-дәрмектерді өндірушілер, көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Фармация комитетінің төрайымы дәрі-дәрмектер бағаларын қалыптастырудағы жоспарлы өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы сатып алу деңгейлерін қамтитынын атап өтті.

«Бағаларды реттеудің төрт деңгейі өндірушінің бағаны белгілеуіне тікелей қатысты, дегенмен олар тек Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектерге ғана қатысты. Бұдан әрі үстеме бағаны ескере отырып шекті көтерме және шекті бөлшек баға бекітіледі. Сонымен қатар, ережелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды сатып алуға бағаларды белгілеуді реттейтін болады», деді Л. Бюрабекова.

Бұған қоса, қымбат тұратын дәрі-дәрмектердің бағалары да реттеледі.

Л. Бюрабекова бағаларды реттеу дәрі-дәрмектердің сапасына әсер етпейтініне назар аударды.

«Баға мен сапа – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үнемі ескерілетін екі критерий. Бізде сапаға сараптамалық ұйым – Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығы жауапты. Тіркеу жүргізіліп жатқан кезде компания дәрінің сапасын растайтын құжаттар пакетін ұсынады. Егер дәрі-дәрмек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген болса, онда оның қауіпсіздігі мен сапасы дәлелденген. Сәйкесінше, бағаларды реттеу дәрілердің сапасына ешқалай да әсер етпейді. Өзгерістер шектеулілік түрінде байқалады, біз бұйрықпен бекітетін айырма мен үстеме бағаны жұртшылықпен және қауымдастықтармен белсенді түрде талқыладық. Аталған бағаға ешкім қарсы емес секілді. Қандай да бір дәрі-дәрмек нарықтан шығып қалмайды деп ойлаймыз», деді Фармация комитетінің төрайымы.  

Айта кетерлік жайт, еліміздің барлық өңірлерінде дәрі-дәрмектердің бағалары бірдей болмақ.

«Дәріханалардың ауылдық немесе қалалық екеніне қарамастан, бағалар бұйрықпен бекітіліп, ҚР барлық аумағында бірдей бағамен сатылатын болады»,  деді Л. Бюрабекова.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

UFC: Дамир Майрбекпен айқасуы мүмкін

26.03.2019

QAZAQ AIR ұшақтары Ресейге қатынайтын болды

26.03.2019

Ақмаржан Қалмұрзаева шаңғы акробатикасынан Қазақстан чемпионы атанды

26.03.2019

Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды

26.03.2019

Ірі кәсіпорындар Ақтөбедегі ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойды

26.03.2019

Алкоголь өнімдерін алып өтпек болғандар ұсталды

26.03.2019

Қазақстандық опера әншісі Айгүл Шамшиденова Австрияда жеке концертін өткізеді

26.03.2019

Жайсаңда 1,5 миллионнан астам теңгенің затын елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

26.03.2019

Полиция қала тұрғындарына терезеден құлаудың алдын алу жөнінде ескертті

26.03.2019

Қорғаста шекарашылар 5 миллионға жуық теңгенің заттарын кеденшілерге өткізді

26.03.2019

Теннис: Путинцева Плишковадан ұтылды

26.03.2019

Қостанайда Ресейге кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісінен есірткі табылды

26.03.2019

Елордада күн райы +7°С дейін жылынады

26.03.2019

Бір жылда өнеркәсіп өсімі 4,1% құрады: Үкіметте ИИДМБ іске асыру барысы қаралды

26.03.2019

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

26.03.2019

Семейде «Астанамыз – Нұр-Сұлтан!» атты патриоттық акция өтті

26.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

26.03.2019

Бұл жаңа жұмыс форматы — А. Мамин Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы Келісім туралы

26.03.2019

Өскеменде патриоттық акция өтті

26.03.2019

Өңірдің өндірістік әлеуеті қандай?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу