Тарих, барлық жаһандық стандарттар мен ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері енгізілуіне қарамастан, біздің ғасырлар бойы жинақтаған, бүгінгі күні де табандылық танытып отырған іс-әрекеттің тарихи үлгілерін анықтайды. Шын мәнінде, бұл – мақтан тұтатын, оны әрбір ісіміз бен сөзімізде көрсететін біздің ұлттық сипатымыз.
Бірақ тарих біз оны қалай қабылдайтынымызға, түсінетінімізге және сезінетінімізге де байланысты болады. Тарихты тұтастай қабылдау біртұтас ұлтты қалыптастырады, оның құндылықтарын, әлемдегі орнын түсінуді, сондай-ақ оның тарихи перспективадағы жаңа міндеттерін тұжырымдайды.
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты күн тәртібіне тарихи сананы жаңғырту мәселесін қойған мақаласының жариялануы – қоғамның рухани жаңғыруы аясындағы маңызды, уақтылы және заңды айқын қадам.
Қоғамның рухани жаңғыруы Қазақстандағы жаңғырту үдерістерінің өзегі болып табылады. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында оның тарихи мәнмәтінін қысқа да нақты тұжырымдады, бұл – тарихтың, бүгінгі күн мен болашақтың көкжиектерін сабақтастыратын, сондай-ақ ұлттық сананың түрлі полюстерін үйлестіретін тұғырнама. Басқаша айтқанда, біздің азаматтық бірегейлігімізді қалыптастыратын жалпыұлттық топтастырушы тарихи сана ұлттың қазіргі әлемдегі алатын орнын айқындайтын бағдарды да белгілейді, сонымен қатар оның бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз ететін ортақ құндылықтардың негізін құрайды.
Әлемдегі өз орнымызды анықтай отырып, біз, Ұлы даланың тарихы болмаса әлемдік тарих біз білетін түрде болмайтыны туралы өзімізге толыққанды есеп беруге тиіспіз.
Бұл жерде мәселе, заманында «әлемдік тәртіптің жаһандастырушылары» болған, сондай-ақ Үлкен Еуразияның тарихи-саяси контурларын алғаш рет айқындаған, «әлемді дүр сілкіндірген» – ғұндар, Шыңғыс хан немесе Әмір Темір туралы емес. Мәселе мынада – әлемдік тарихи үдерістегі еуразиялық салтатты көшпенді өркениеттің қандай оң және объективті тарихи рөл атқарғаны жөнінде болып отыр. Бұл жерде осы рөлдің бірегейлігін мойындау қажет. Дала барлық жерде де, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада бар. Бірақ ежелгі және дамыған орта ғасыр кезеңінде Еуразияда болғандай, олар еш жерде құрлықтар мен материктердегі тарихи процестің сипатын іс жүзінде толығымен анықтаған фактор болмаған.
Әрине, еуразиялық ортағасырлық империялар мен Ұлы дала Батыс-Шығыс осі бойындағы жаһандық коммуникациялық дәліздің рөлін атқарды, оның мәні ашық түрде «Сары теңізден Қара теңізге дейін абыройын да, алтынды да жоғалтпай, алтын табақты өткізе алатын» қыз туралы тарихи әдебиетте таралған әсем метафораны білдіреді.
Оның іс жүзінде іске асырылуы жаһандық тарихи, экономикалық және мәдени Ұлы Жібек жолы жобасы болды, ол бірде тынып, бірде жаңғыра отырып, Ұлы географиялық жаңалықтар дәуірі, «шай клипперлері» сияқты өзінің тарихи бәсекелестерін шаң қаптырып, басып озып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» коммуникациялық дәлізі мен «бір белдеу – бір жол» концепті түріндегі қазіргі заманғы келбетке ие болды.
Қазақстан мен Түркі әлемі осы трансконтиненталдық коммуникацияда логист те, бенефициарлар да болды. Ал осыдан біз, сөзсіз, ұлы тарихи рөліміздің даңқына бөленуге ғана емес, ынтымақтастық, достық және өзара іс-қимыл қағидаттарында орасан еуразиялық кеңістікті біріктірудегі жауапкершілік пен тарихи сабақтастықтың қомақты жүгін арқалауымыз қажет. Бұл жауапкершілік жөнінде және біздің рөліміз туралы Елбасы Астана клубының жуырдағы отырысында жан-жақты ашып берді.
Екінші жағынан, «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы қазіргі әлемдегі біздің бірегейлігіміз туралы мәселеге жетелейді.
Елбасы 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Еліміздің күші – халық бірлігінде» тақырыбымен өткен XIV сессиясында жасаған баяндамасында «Қазақ халқы әрқашан интегратор болды. Ал келешекте де олар бiздiң қоғамды бiрiктiрушi ядро болуы керек. Бұл қазақ халқының мойнына өз елiнiң болашағы үшiн айрықша жауапкершiлiк жүгiн артады» деп атап өткен болатын.
Осы маңызды ұстанымда біздің ұлттық және мемлекеттік, азаматтық бірегейлігіміздің, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісінің бастауы мен алгоритмі көрініс тапқан.
Түркі әлемі де, қазақ әлемі де ешқашан моноэтносты болған емес, олар өз орбитасына жүздеген этностарды, тілдерді, мәдениеттерді, діндерді біріктіріп, бейбіт қатар өмір сүруді қамтамасыз етті. Ұлы Даланың бұл қырының терең және объективті тарихи, философиялық және дүниетанымдық тамыры бар.
Бұл мәселеге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚХА-ның 2013 жылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр» ХХ сессиясында жан-жақты тоқталды. Дәл сол кезде Елбасы қазақ халқы Қазақстанның барлық этностық, әлеуметтік топтары үшін ұлттық-мемлекеттік қауымдастықтың қуатты тарихи ядросы ретінде әрекет ететінін атап өтті.
«Біз, ешқашан да әлемдік өркениет үдерісінен бөлек дамыған емеспіз! Одан да бетер, біздің ата-бабаларымыз осынау әлемдік үдерісті өздері қалыптастырды! Біздің ата-бабаларымыз әлемге мәдениет пен руханилықтың қуаттандырушы үлгілерін көрсетті – біздер олардың істерін жалғастыруымыз керек!».
Мемлекет басшысы сол кезде-ақ Қазақстанға жалпыұлттық тарихи сана қажет деген мәселе қойды, ал «біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс» деп атап өткен болатын.
Дәл осы тезистер тек қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық азаматтары үшін де этностық және діни қатыстылығына қарамастан, жақын әрі түсінікті болуы тиіс.
Осы тұрғыда «Ұлы Даланың жеті қырын» Қазақстан халқының топтастырушы тарихи санасының жеті негізі ретінде қарастыру қажет.
Мемлекет басшысы бізді өзара реніш, бір-біріне шынайы және жорамал кінәраттар үшін тарихымыздың жекелеген беттерінен себептер іздемеуге шақырады.
Сонау 1999 жылы Елбасы «ескі реніштер мен наразылықтарды іздеу ешқашан қалыпты болашақ үшін алғышарттар жасамайтынын» атап өтті.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы, сөзсіз, Қазақстанның тарих ғылымының дамуының жаңа кезеңін айшықтайды.
Тәуелсіздіктің алдыңғы жылдарында догматизм мен еуропоцентристік парадигмадан тәуелсіз, жаңа Қазақстанның ұлттық тарихы қалыптасқаны орындалған фактіге айналды. Оның межелері – Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» кітабы, «Мәдени мұра» бағдарламасы және қазақстандық тарих ғылымының теориялық және фактологиялық қаңқасын қалыптастырған «Халық – тарих толқынында» зерттеу бағдарламасы.
Бүгінгі күні ұлттың тарихи санасын – біздің дүниетанымымыздың, өткеннің, қазіргі мен болашақтың іргелі негіздерін жаңғырту уақыты келді. Қазақстан мен Еуразиядағы тарихи процестің жалпыға бірдей ортақтығын, таптық, этностық және діни белгілері бойынша бөлінбейтін өткен тарихымызға инклюзивті көзқарасты түсіну біздің бүгінгі тұтастығымызды түсінудің негізі болып табылады.
Қазақстанның тарихи мәдени шежіресі сөздің кең мағынасында бүкіл әлемдік мәдениеттің байлығын қамтитынын, оның белсенді жасампаздары қатарында қазақтардың да, Қазақстанның қазіргі заманғы халқының тарихи ата-бабаларының барлық ұрпақтары да бар екенін ұғынатын уақыт келді.
Біздің тарихи тамырларымыз, бір кездері еуразиялық даланың аумағын мекендеген бабаларымыз қазіргі кезде Ұлы дала елі аумағынан тыс жерде тұратын көптеген заманауи халықтарға бір мезгілде бастау берген ғасырлар тереңіне кетеді.
Елбасы, сондай-ақ бізді жаһандық тарихқа үңілуге, қарапайым шындықты түсінуге және қабылдауға шақырады – біз оның ажырамас және бірегей құрамдас бөлігіміз.
Біздің жалпыұлттық тарихи санамыз бен бірегейлігіміз Қазақстанның әрбір азаматының көңіліне сенім ұялататын «өткенді мақтан тұтамыз, қазіргіні прагматикалық тұрғыда бағалаймыз және болашаққа оң көзқараспен қараймыз» атты қуатты дүниетанымдық триадада құрылуы тиіс.
Леонид ПРОКОПЕНКО,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі