Өнер • 18 Қаңтар, 2019

Есмұхан Обаев: Режиссерлік – қартаймайтын мамандық

314 реткөрсетілді

– Есмұхан аға, өмір­бая­ның­­ыз­ға үңіл­сек, ре­­жис­­­серлік пен әкімшілік-бас­қа­­­ру ісінен басқа жұмыс істеп кө­­р­­­­ме­­ген екенсіз. Институт рек­­­­­­­торы, минис­тр­ліктегі коми­­тет тө­р­ағасы, театр ди­рек­­то­ры – бас­­шы бола жүріп шы­ға­р­­­­­ма­шы­­лықтан қол үз­бе­ген дағ­­ды­­ңыз­­­бен жұмысыңызды әлі де жал­ғас­­тырып келесіз. Бұр­қыл­­­­дап қай­­нап тұрған бел­сен­­­ді­­лі­гіңіз­дің сы­рын білсек бола ма?

– Құдайға тәубе, соң­ғы сп­ек­так­л­імді қойып, ты­ныс­­тап отыр­ғаныма он бес-ақ күн болды. «Бағым ба, сорым ба, Қара­бай­­дың қызы екенім де рас, бағым ба, сорым ба Баян екенім де рас» дейді ару қызымыз «Қозы Көр­­пеш – Баян сұлу» дейтін пье­са­­да. Сол айтқандай, бағым болса да, сорым болса да, осы «өнер» дейтін алабөтен әлемді ара­­лап, қызығына тоймай жүр­геніме алпыс жылдан асыпты. Өнерді сонша сүйіп, осы кә­сіпті таңдағаным алдымен, ел мен жердің қасиетінің арқасы болса, содан кейін Асқар Тоқ­панов се­кіл­­ді ұлы ұстазға жолық­қа­ным­ның нәтижесі деп білемін. Бар­мақ­­тай бала күнімнен даланың ды­­бысына ғашық болдым, судың сыл­­дырап аққаны, қардың үнсіз ғана жапалақтап жауғаны, иттің ұлы­ғаны, тұлпардың дүркіреп шап­қаны, қыл аяғы таңның аға­рып атып, қызарып батқаны мені ой­лан­тып қоятын. Тіпті даң­ғыр­лаған да­уыс­пен қатты сөйлейтінім де тау ба­ла­сы болып табиғатпен етене өскен­ді­гі­мнен болар. Кеген дейтін жерде, таудың бергі жағында біз тұрамыз, ал тау­дың арғы жағы – тұнып тұр­ған арман әлемі еді. Мұндай арман­шылдық сезім сөзсіз әнге құмар болуға, әдебиетті, сұлулық атау­лыны сүюге, жалпы рухани әл­ем­мен дос болуға ерте бастан үй­ретеді. Алты жасымыздан бас­тап ағаларымызбен бірге таңғы бестен тұрып тегін еңбек еттік. Енді ойлап қарасам, біздің азамат болып қалыптасуымызға табиғаттың өзі тікелей қатысса, ақ қар, көк мұз демей, ел ішін аралап жас таланттарды табу үшін ауылымызға келген Тоқпановқа жолыққан тағдырым мені өнерге алып келген екен. Содан бері, өнермен, театрмен «ауырғаныма» алпыс жыл болыпты, енді жазыла қоюым да неғайбыл шығар. Бұл аурудың бір жақсы жері, аштықты да, жоқтықты да білдір­мей­ді. Жақсы-жайсаңмен бірге жүргеніңе, жақсы сөз естігеніңе жаның семіріп тоқ боласың. 

– Бүгінгідей  ком­му­ни­ка­ция­­­­­­­ның да­­мы­­ған ке­­зең­інде алыс-жа­қын деген ұғым ұмы­ты­­­­­­лып бара­ды, астана мен ауыл ара­­­­­­ла­­сып-құраласып жа­­тыр. Сіз Семей театрында жиыр­­­­ма жыл жұмыс істеген кезде мұн­­­­­дай мүмкіндік жоқ еді, бір­ақ сон­да да таныл­ды­ңыз, сон­­да да ас­та­­наға келдіңіз. Қа­лай­ша? 

– Мәдениет министр­лі­гін­де­гі­лер: «ойбай, режиссер Бәйтен Омаров­тың орны босап жатыр, Алматыдағы айлығың толық сақ­та­ла­ды, үйің күтіп тұрады, сен Семейге барып, бір жыл жұмыс істеп келе ғой» деп жіберіп еді, не керек, сол кеткеннен жиыр­ма жылға бір-ақ кеттім ғой. Ал­ғаш «ЯК-40» деген ұшақтан түс­ке­н­імде, көзіме жас келіп, ерек­ше толқып едім. Өңі түскен ескі шалбар, қақырап, басы ашы­лып кеткен бәтең­кеммен топы­ра­ғын басып тұр­ып, айналама ұзақ қарадым. «Абай­дың елі! Мұх­тар­дың елі! Қасиет­ті ұлы жер! Е, Құдай, құдіретіңе көзім жетсін, қолдашы, қолтықташы мені, осы елден бақыт табуға көмек­тес­ші!» деп едім сонда те­­бі­р­еніп тұрып. Құдай сол ті­­л­е­­­­уім­ді берген болуы керек, тұң­ғыш кәсіби театр өнері уы­ғын қадаған ордада үлкен актер­­лер­мен бірге жұмыс істеп шың­­дал­дым, өстім, болашақ жарым­­ды кездестіріп, отбасын құрып, бала­лы-шағалы болдым. Қа­л­ай айтсақ та, 1916 жылы Ой­­құ­­дық­та М.Әуезовтің өзі сахнаға шығып «Еңлік-Кебекті» ойнаған қаз­ақ­­тың кә­сі­би театрының көш­бас­­шы­сы – Семей театры. Сол Се­­мейге мен сұмдық ғашық бол­­дым. Өйт­кені Семейдің қара торы сұлу­ына ға­шық болдым. Жұм­ысқа алғаш бар­ған күні-ақ 4-5 қарадомалақ бала­­ны ертіп алған бидай өңді әдемі қыз театрға кіріп келе жа­тыр екен. Гүр-гүр еткен дауысыммен «Неге кіресіз театрға бала­ларыңызбен?» деп айғай сал­дым. Бірінші танысқанымыз. «Ағай, қалдыратын жер жоқ еді» деп көзін төмен салды. Сөйтсем, ол осы театрдың актрисасы екен. Әлгі балалар туысының балалары, өз інілері. Гүрілдегенімді қайтейін, табан астында дауысым жер­дің астынан шыққандай жуа­сыдым да қал­дым, бір көр­ген­нен жақсы көріп қалғанымды, бо­ла­шақ жарыммен тағдыр жо­лық­­тырып тұрғанын бірден  түсін­­дім. Жас болсам да есі­м­ім аты­шулы Әзірбайжан Мәм­бе­тов, Бәйтен Омаров, Қадір Жет­піс­ба­ев, Жақып Омаров, Маман Байсеркеновтермен қатар атала бастады. 24 жасымда «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағына ие болдым. Шенеунік болсам да, шығармашылықтан қол үзген жерім жоқ. Көзі көріп, құла­ғы естіп, басы жұмыс істеп тұр­са, режиссерлік ешқашан қартай­май­тын мамандық. 

– Сіз М.Әуезов театр­ында  он екі жыл ди­­рек­тор бол­дың­ыз. «Бір кісі тақ­қа отырса, қырық адам атқа қо­на­тын» қаз­ақы дағ­­­ды осы Оба­ев­тың тұ­­сында жүр­­меді. Бұл ағайын-ту­ы­­сы тү­гі­лі, бала-шағасы, бауыр­ларын да театр­дың маң­­­ай­ы­нан жүр­гіз­бе­ді, еш­­­қай­­­сы­сын жұмысқа алмады. Бұл жағы­н­ан Ес­мұхан таза адам» дейді театр­­дағы сізді біле­тін­дер. Соңы­­нан шұбырған коман­­­да­­сын ертіп жүретін әдет ол уа­қыт­­тың салтында жоқ па еді, сіз неге өйтпедіңіз?

– Мен өйткені шәкірттерімді өзімнен артық жақсы көремін жә­не өмір бойы солармен дос бо­лып өтемін. Мына бүгін­гі жасы жет­піске келген Ғази­за Әбдінә­биева, Тілектес Мей­ра­мов, Бақыт Жанғалиева, Шайза Ах­мето­ва, бәрі де халық әртіс­те­рі, бәрі менің шәкіртім. Ең кіш­­кен­­тайы Берік Айтжанов пен Ерке­бұлан Дайыров деп мақ­тан­ғалы отырсам, олар да жігіт ағасы болып қалыпты. Жасы бұ­лардан әлдеқайда кіші Ғалым Ос­панов, Ажарлым Бақытжанова се­кілді оқушыларым да театрдың ал­дың­ғы қатарлы әртістеріне айналып үл­геріп­ті. Қазақстанның өзге театр­­­ларын айтпағанда, өзіміздің әкемтеатрдағы шәкірттерімнің саны елуден асып жығылады екен, ішінде 4 халық әртісі, 6 еңбек сіңірген қайраткер бар. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған 17 кәсіби театрдың 11-нің директоры менің оқушыларым. Бәрі тұлға. Мен осылармен мақта­на­мын. «Елдің бәрін жарыл­қайтын жо­марттығың өз туысыңа келгенде түгесіліп қала ма, мына Обаевтардың біреуін алсаңшы жұмысқа» дейтін марқұм әйелім шыж-быж болып. Әулетімізде «Обаев» деген фамилиямен жүр­ген 64 адам бармыз. От­ба­сын­дағы бірге туған он екі бала­ның оны осы Алматыда тұрады. Мен тек ағаларым мен інілерімнен тараған балаларды ғана айтып отырмын, қыздар жағынан санасам, одан да көп. Осы өнердің ғана төңірегінде жүр­ген бес Обаев бар. Неге еке­нін біл­мей­мін, солардың бір­еу­ін жұ­мыс­қа алу туралы ой қауашағыма кіріп те шықпапты. Туысын ертіп жүру деген тірлік менің көңіліме ешқашан жаққан емес. Адам туысымен таза қарым-қатынас ұстауы тиіс, шамасы келгенше, аялап, құрмет тұтуы тиіс. Ал ұжым ортасындағы қарым-қаты­нас, жұмыстағы жағдай сол адами мөлдір сезімге көлеңкесін түсір­мей қоймайды. 

– Ди­рек­тор болып тұр­ғаны­ң­­ыз­да ак­терлермен арасал­мақ ұс­­­­­­­­­тан­­­­­­дыңыз ба, әлде ол  кез­де ­де дәл осын­­дай кең бе еді­­ң­­із?

– Қыз­мет, лауазым бұлдап, ара­салмақ ұстану деген сұм­дық­ты, міне, жа­сым жет­піс­тің же­теу­іне аяқ басты, қыз­метімнің қыры етіп көрмеп­пін. Әр сөзін тісінің арасынан сыздықтатып шығарып, сыз­­дану, салмағын сездіру үшін шір­е­ніп, шекеден қарау – біз­дің ұстаным емес. Біздің ұстан­ым: «үлкенге құрмет, кішіге ізет». Айна­ламдағы адамдармен қалжың­дасып, ойнап-күліп жүргенді жақ­сы көремін. Бәлкім, бұл туабітті мінез де шығар, күн сайын жұмы­сыма күліп келемін, күліп кете­­мін.  

– Әртіс­термен сұхбат­тас­қан­­­­­­да, ол­ар­­дың кейбірі: «анау спек­­­такльдегі әнебір кейіпкер ме­н­ің рөлім еді, әттең, маған бер­мед­і», «өзінің оқушысын» неме­се «өзінің жерлесін ойнатты» деп режиссерді кінәлап, өкіні­­шін білдіріп, өкпелеп жа­т­ады. Рөл бөлудің басы-қа­сын­да өзі­ңіз де келе жатырсыз, еш­­кімге қиянат-обал жасаған жоқ­­сыз ба?

– Жоқ. Ұлылардың үні қалған қара­шаңы­рақ­тың астында отырмын, актер рөл сұрап келіп, ме­нің бе­тін қайтарған кезім болса, кел­­сін де айтсын. Өтірік айт­пай-ақ қояйын, жасы келген апа­­­ларым­­­ның рөл сұрағанына, әлі де сахнаға шыққысы келіп ұмты­­ла­тынына қарсы екенім рас. Кезінде сахнаның шаңын шығарып тұрып армансыз ойнады, бойындағы барын, нәрін берді, талантының арқасында танылды, атақты болды. Сол дәурен баста мәңгі тұрады дейтін болуы керек, аптығы басылмаған алып-ұшқан қу көңіл  әлі де арынын баса алмай, алып-ұшып тұрады. Әр рөлдің деградациясы, ентік басатын ең ақырғы нүктесі болады. Аға буын бәрін де артығымен орындады. Ал бү­гін­гісі қайталау ғана болады, қайта­лағанда да осал, нашар нұсқа­сымен қайталайды. «Үлкен­деріміз далада қалмасын» деп, «Жүрейік жүрек ауыртпай», «Отыз ұлың болғанша», «Үміт үзгім келмейді», «Ұлы мен ұры» деген сияқты бес-алты  спектакль­ді сахнаға арнайы дайындадық. Бұрынғыдай бетке бес елі гримді жағып сахнаға шыға салуға болмайды, қазір ойдың, талғамның басты орынға шыққан кезеңі. Ой болмаса, спектакль қоюдың қажеті де жоқ. Рас, жақсы рөлге әркімнің-ақ бар таласы. Актердің қалау-тілегі бар да, мүм­кіндігі, шама-шарқы деген нәрсе тағы бар.  Өкпелесе де, өкпелемесе де, өз басым актердің нақты шама­сы мен қабі­лет деңгейін анық­тап барып, ойнап шыға алатыны­на кө­зім­ді жеткізген соң ғана рөл бе­ре­мін. Ең алдымен, оның талан­тына ішкі түйсігім сенуі керек. Актердің бұрынғы ойнаған рөлдерін, өсу кезең­дерін тұтас есепке аламын. Себебі оның бір рөлі бір рөліне ұқсамауы керек.

– М.Әуезов театры классиканы тым төңіректеп кеткен жоқ па? Әсіресе бір маусымда «Анна Каренина», «Ваня ағайды» шығаратындай, орыс кла­с­­сикасына зәрулік неден туды?

– 1930 жылдардағы зо­ба­лаң­ның құрбаны болып, атылып кет­кен Мағжан Жұмабаев қайта ашы­лып жатқан кезде Мағ­жан тура­лы неге спектакль қой­­мас­қа? Бүгінгі тәуелсіздік үшін, бүгін­­гі ұр­пақ­тың өмірі үшін бас­­­ын бәй­геге тікті емес пе? «Жүз жыл­­дық жалғыздық» – осы мәсе­­­­ле­­­­нің жауабы. «Жүрейік жүр­­­ек ауыртпай» – үйі жоқ, күйі жоқ, шарасыз қарттардың бас­­­ын­­­дағы шырғалаң. Бүгінгі күні шетелдермен байланыс жан­­­­данып, бәрі де өз елін, өз ұл­ты­­­­ның өнерін, мәдениетін таны­­­ту­ға жанталасып жатыр. Біз де сонау Литвадан Йонас Вайт­­кус деген әлемдік абыройы зор режиссерді шақырып «Қор­­қытты» қойдырдық. Ал Әу­е­з­ов театры «Қорқытпен» қайда бармай жатыр? Барған жерін тамсантып, таңырқатып, қазақ театр өнерінің бүгінгі биі­гін көр­се­тіп келеді емес пе? Р.Отарбаев­тың «Бейбарыс сұл­та­ны» да сондай деңгейдегі туынды. Музы­ка­лық классикадан бүкіл әлем театр­лары таласа-тармаса қоятын «Ар­­шын мал алан» неге қазақ сахна­сында жүрмеске? «Жү­ре­гім­­нің иесі», «Қоштасқым кел­мейді», «Сер­гел­дең болған сері­лер» «Үміт үз­гім келмейді» – бүгінгі күннің та­қырыбы. Яғни, әкемтеатрда классика мен бүгін­гі қоғамдық әлеу­мет­тік мә­се­лені қозғайтын заманауи та­қы­рып­тар тең дәрежеде қатар қойы­лып келеді. Әр театр­дың өз ре­пер­туарлық саясаты бар, сон­дық­тан бірыңғай классиканы ғана бағдар етіп, әлемдік дра­ма­тур­гия­ның жауһарын сүзіп алып, со­ның соңында кетудің де қажеті жоқ. Мәскеуде 420 театр жұмыс істеп тұр, бірінің репертуарын бірі қайталамайды, қайталаса да, мүлде басқа жанрда, басқа пішінде қалыптауы мүмкін. Алматыдағы айнал­дыр­ған екі театр – Әуезов театры мен Мүсірепов театры да солай, репертуарға келгенде дербес сая­сат ұстанады. Біздің өз бағы­ты­мыз, оның өз жолы бар. 

– «Анна Каренина» де­мек­ші, Анна­ның рөліне Н.Қараба­лина­ның бір өзін ғана ой­нат­­қа­н­ыңыз спек­­такльдің ар­­тық­­­­­шы­­­лы­­ғы бола ала ма? Неге На­з­­­­­гүл­дің екінші құ­р­ам­­­да ой­­­­­най­­­тын сах­­на­­­лық се­рік­­тесі жоқ? Се­рік­те­сі бол­­ғанда, біз бұл ак­­­три­­­­са­ның ар­­тық­шы­лы­ғын яки кем­­­ші­­­лігін бірден бай­қа­­­ған бол­ар ма едік...

– Назгүл ұлттық драматур­гия­дағы, әлемдік классикадағы героинялардың бәрін де ойнады, ірі бейнелер жасады, бірақ өзін­дік се­беп­терімен төрт-бес жыл­­дай теа­­трдан тысқары жүр­ді.  Қарымы мол актриса Аннаны жалғыз өзі ойнағысы келетінін бірден айтты. Сол себепті «Ан­на­ны» өзіне арнап, бенефис спек­­такль сияқты сахналадық. Аң­­­ғар­ған адамға спектакль де­ко­ра­­­ция­­сының, кос­тюм­­дерінің өте бай, қым­бат екені көрініп тұр. Себебі декорация, костюм үшін де демеуші тауып, көмектескен Назгүлдің өзі. Әйт­песе Аннаның көз­дің жау­ын алатын қызылды-жа­сыл­ды қым­­бат көйлектерін тік­­­ті­­­руге театр­­дың жағдайы кө­тер­­­мейді де. Спек­такльде Наз­гүл­­ден өзге актер­лер­­дің бәрі, тіпті шағын эпи­­зод­тағылардың өзі қос­алқы құ­­раммен ойнайды. 

– Бүгінгі кино жағалап жүр­ген актер­лерді спек­такльден оп-оңай бос­ата сала­сыз ба?

– Баяғы­да аспандап тұрған театрдың абыройын аласартып алғымыз келмеді ме, жетекші актрисаларға «қоя тұр» деп балалы болуына рұқсат бермегенімізді біз бүгін қынжыла отырып мо­йындаймыз. Фарида Шәріповада жалғыз ұл, Нүкетай Мышбаевада жалғыз қыз, басқа актрисалар да бірді-екілі баламен шектеліп, күндіз-түні осы театрдың отымен кіріп, күлімен шықты. Ойласаң, обалына қалғандай, опынасың кәдімгідей.  Актрисаларымыздың көпшілігі өнер үшін жеке басын, аналық бақытын құрбан қылды. Құдайға тәубе, қазіргі актрисаларды олармен салыстыруға болмайды, үйдің де, түздің де шаруасына қатар шапқылап, бәріне үлгеріп жатады. Дәл осы күндерде Әуезов театрының  то­ғыз актрисасы декреттік демалыста отыр. Театрда тә­уір рөлдер ойнап, киноға да бел­се­ніп түсіп жүрген Жанаргүл Жана­манова деген актрисамыз жа­қында төртінші баласын дүние­ге әкелді. Адамның жас күні қиын­дық­сыз бола ма, актерлеріміз пәтерден-пәтерге көшіп қиналып жүрсе де, үш-төрт баланың басын құрап, шетінен баспаналы болып та жатыр. Сондықтан жеке бас мәселесіне түсіністікпен қарау керек. Азаматтар жеке өмірінің мәселесін өзі шешіп, өзі реттемесе, оларға басқа кім көмектесіп жатыр? Киносына да түссін, жарнаманың да жұлдызы болсын, бірақ олар үшін театр сахнасы басты  орында екенін өздері де есінен шығармайды. 

– Сахнаға шығарған қойы­лым­­­дарыңыздың ішінде бір қай­науы ішінде кетті-ау, асы­ғыс жасап, осалдау шығардым-ау деп қайсысын айтар едіңіз?

– Ондай спектакльдер жоқ емес, бар. Жұрт «дұрыс» деп баға берсе де, өз басым «Жаужүректі» шикілі-пісілі шыққан дүние санаймын. Сахнадан қайталап көр­ген сайын кемшілігімді бай­қап, «әттеген-ай» деп отырамын. Жалпы, режиссер ретінде, өсіп, биіктеген кезім деп мен ТЮЗ-да істеген жылдарымды айтар едім. Өйткені ол жерде Әмина Өмірзақова, Саида Саттарова, Мұқтар Бақтыгереев, Мәкіл Құ­ланбаев, Атагелді Смаилов, Ал­тын­бек Кенжеков сияқты ұлы актерлер жұмыс істеді. Сол кезде қойған «Қашқар қызы» маған әлі күнге ыстық. Шәкен ағама іле­сіп жүріп қойған «Жас Абай» жадымнан ешқашан шықпайды. «Ай тұтылған түн», «Шұға», «Сертке – серт», «Өзіңді іздеп жүр­мін», осылардың бәрі менің отыз­дан асар-аспас кезімдегі шабытты шығармашылығымның жемісі.

 – Сол кезде ме сізге Шәкен Ай­ман­овтың «позорник» деп ат қоятыны?

– Шәкен Айманов, Мәкіл Құланбаев, Мұқтар Бақтыгереев кездесе қал­са болды, отыра қалып преферанс ойнағанды жақсы көретін. Ол кезде мен жас режиссермін. Үлкен ағаларым мен апаларыма шай әзірлеп беремін, құлағым қалқиып әңгімесін тыңдаймын, әйтеуір үйіріліп солардың айналасында жүремін. Преферансқа келгенде, бұл топ арнайы болса да, аяқ асты болса да, біріге қалады. Кейде біреудің шаруасы шығып қолы тимейді, біреуі ойынға кешігіп қалады. Сондай кездері Шәкен аға «Есмұхан отыр, отыр да ойна» деп, мені жанына отырғызып қояды. Шәкен ағаның қалтасында преферансқа ар­налған бес сомдық ақша бума-бума болып жүреді. Кү­рек­тей қолын салып жіберіп, қал­тасынан уыстап тұрып шы­ға­ра­ды. «Мынадан аласың» деп көк­қағаздарды жаныма тау ғып үйіп қояды. Айналамда кілең кіммен ойнаса да, шешіндіріп алып, жалаңаш қоя беретін карта ойынының «ұлы академиктері». Құдай атқанда, мен ойнай алмаймын, олардың ойынына астар болуға да жарамаймын. Бір ойнаймын – ұтыламын, екі ойнаймын – ұтыламын. Сонда барып Шәкен аға: «Позорник! Сен ойнама карта» дейді күндей күркіреп. Кар­таны сол бойы үйрене ал­ма­ған күйі кеттім. Мен одан да, дуыл­­­­­­дасып әңгіме айтқанды, қыр­­­дың басына шығып алып еңіске көз салып қарағанды жақ­сы көремін. Біреу асығып бара­­ды, біреу жүгіріп барады, біреу қай­ғы­рып барады, біреу жұл­­қы­нып барады. Осылардың бәріне не жетпейді? Бәрі бір-бір тағ­дыр­ды арқалап алып аласұрып қай­да бара жатыр? Жауабын таба алмаймын да, кейде жылап та ала­мын. Мен өзі сондай нәзік көңіл күйдің адамымын... 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

Ұқсас жаңалықтар