28 Қаңтар, 2019

Көшбасшы кәсіпкерлер білгенімен бөлісті

689 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жастар жылының ашылуы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы көшбасшы­ларының форумы өтті. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Леонид Прокопенко, Исламбек Салжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жас табысты кәсіпкерлер, стартаперлер қатысты. 

Көшбасшы кәсіпкерлер білгенімен бөлісті

Self-made. Форумның бұл атауын тікелей тәржімелесек, «өзд­і­гінен жасалған», яғни қол­дан іс­телген деген мағынаны біл­­д­іреді. TEDx форматында өт­кен шарада, атауында ай­тыл­­ғандай, спикерлердің өз қол­­­дары­­мен жасаған, өз күш­тері­­­мен қол жеткізген жобаларын көрсетіп, кәсіпкерлікте көш­­бас­­шы болудың қыр-сыры, ж­ү­­йелі жұ­мыс жүргізудің жол­­дары жө­нінде білгенімен бөлісуі көз­дел­­ген. Спикерлерге сәтті­лік ті­ле­ген Қазақстан халқы Ас­сам­­­­блеясы Төрағасының орын­­­ба­са­ры Л.Прокопенко осы жоба – Жас­тар жылының ашы­­луын­­­да айтқан Елбасының ұсы­­­ныс­­­та­рын Ассамблея тара­пы­нан нақ­ты қолдау мен онда көте­ріл­ген жас­тардың жұмыс­сыз­дық мә­с­е­­ле­сін шешуге бағытталған ір­ге­лі іс­тің бастамасы екенін айтты. 

Елімізде кәсіпкерлікті дамытуда қарқынды әрі жүйелі жұмыс атқарып келе жатқан бірден-бір ұйым – «Атамекен» ҰКП бас­қар­ма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мемле­кет тарапынан көрсетілетін қол­дау туралы баяндап, осы сала­ға қадам басқандарға ба­ғыт беруге әрдайым дайын екен­діктерін жеткізді. ҰКП осы уа­қыт­­қа дейін 100 500 адам­ды түрлі бағдарлама бойынша оқыт­қан. Ал 2017 жылы қолға алын­ған «Бастау Бизнес» жобасы өңірдегі кәсіпкерлікті да­мы­туға арналған, 2018 жылы 28500 адам аталған жоба аясында кәсіпкерлік курсынан өткен және оқығандардың 16400-і өз бизнес жобаларын қорғаған. 

«Utari» компаниясының директоры Әсел Дәулетқызы «Жеңіл өнеркәсіп – дамудың жаңа жолы» атты баяндамасында Қазақстанда кенжелеп келе жат­қан киім өндірісін дөң­ге­летіп отырғанын, оның құпия­сы қателіктерден қорық­пауда еке­нін тілге тиек етті. «Қате­лесу­ден қорық­пау – кәсіпті жаңа бас­тап жатқан­дарға айтарым. Ал жұмысын жүргізіп отырғандарға кеңесім: кәсіпкерлікте көш­бас­шы болу үшін қол астын­дағы қызметкерлердің жұмыс істеуіне жағдай жасап, әрдайым қол­дап, кәсіби шыңдауға ар­нал­ған курстарға үнемі жолдап оты­рыңыздар», деген ол өз тігін­шілерін Түркия мен Италиядағы таңдаулы семинарларға жібе­ретінін жеткізді.  

Ал Жастар жылының ашылу салтанатында Президент алдында сөз сөйлеген кәсіпкер Тамила Розметова ешкі сүті­нің өндірісімен айналысатын «Сарайшық» шаруа қожа­лығы­ның елеулі нәтижеге қол жеткізуі мен кәсіп жолында табысты болуы – оның өз ісін сүйгендігінен екенін айтты. Оның ойынша, Мемлекет басшысы әркез еске сала­тын кәсібилік те, жұмыс­қа жауап­кершілік те, содан туындайтын нәтиже де адамның өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне тікелей байланысты. 

Мүмкіндігі шектеулі деген ұғымның адам рухы мен ішкі мүм­кіндіктеріне еш кедергі кел­тір­мейтінін дәлелдеген кәсіп­­керлер көп. Біздің елде де бар. Солардың бірі – Халық­ара­лық ақпараттық технология­лар мектебінің басшысы (ISIT) Әмір Сүлейменов. Ол кәсіп­кер­лікті дамытудың жолдарын ұсынды. Оның мектебінде кә­­сіп­­керлерді тұтынушы тар­­ту­­ға, өз өнімін танытуға, он­лайн сауда-саттық жүргізу үшін сайт ашып, әлеуметтік желі­дегі сауаттылыққа үйретуге бағытталған курстар бар, оларды І топтағы мүгедектерге тегін жүр­гізеді. «Мәселе айналамызда не­месе дене мүшемізде де емес, бар кедергі біздің ойымызда ғана. Бір мақсатты ойға алдыңыз ба, ойланып отырмаңыз, істеңіз. Мә­­­с­елен, мен мына арбаға оты­ру­­ды үйрену үшін қаншама ең­бек­­тен­дім, ендігі арманым – аяқ­қа тұру, оған қол жеткізу үшін күн сайын жаттығу жасаймын», деді ол. 

Мемлекеттік саясаттың дұрыс орындалуын, қоғам дамуын қа­лайтындардың көкейін­­де «жиын­ның бәрі жалаулату­­мен өтіп кетпесе екен» дейтін ой бары белгілі. Осы бір форум діт­­­теген ниетіне жеткендей. Тағ­­д­ыр­дың тосын жағдайымен да­ла­­да қалып қойған Жайна­гүл (аты кейіпкердің қалауы­мен өз­гер­тілді) осы сөзімізге дәлел бола алады. «Жесірін қаңғыт­па­ғ­ан, жетімін жылатпаған» қазақ осы күні де «Аналар үйі» жобасын қолға алды. Әлі жасқа жет­пе­ген сәбиімен қолдау көріп отырғ­ан Жайнагүл форум тура­лы «Аналар үйіндегі» қыз­мет­керден естіп келіп­ті. Оған бүгінгі шарада «Utari» ком­па­ниясының директо­ры Ә.Дәу­лет­қызы тігіншілікке те­гін оқы­татын сертификат бер­ді. Жай­н­агүлдің өзінде де ті­гін ісіне қызығушылық бар екен. Киім тігуді үйренгеннен соң, ISIT мектебінің директоры Ә.Сү­лей­менов өз кәсібін жүр­гізу­ді оқы­татын курстан өткізуге уәде берді.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»