28 Қаңтар, 2019

Құқықтық мәртебеміз анықталса екен

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар мәселесінде түйіні шешілуге тиіс дүниелер бар. Оның бір парасын Елбасымыз атап көрсетті. Мысалы, өзім жұмыс істеп келе жатқан салаға қатысты айтар болсам, жас кәсіпкерлердің құқықтық мәртебесінің анықталуы керек деп санаймын.

Құқықтық мәртебеміз анықталса екен

Қолданыстағы заңнамалар­да «жас кәсіпкер», «жастар кәсіп­кер­лігі» деген ұғым бекі­тіл­меген­­діктен, мемлекет тарапы­нан оларды қолдау шаралары да жүйелі жүргізілмейді. Сол себепті «жас кәсіпкер», «жас­тар кәсіпкерлігі» ұғымын заң жүзінде нақтылап, бекітіп, олар­ға қатысты мемлекеттік қол­дау­ды заңнамалық тұрғыдан қам­тамасыз етуді, сонымен қатар жас кәсіпкерлердің реестрін қалыптастыруды ұсынамын. Осы­лайша, жастардың жеке іс бас­тауына, өз бетінше жұмыс істеуіне, табыс табуына жағдай жасап, қоғамға пайдалы азамат болуына жол ашу керек.

Елбасымыз шағын және ор­та бизнесті дамыту керектігін үнемі айтып келеді. Кешегі салтанатты жиында да Үкіметке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жас кәсіпкерлер үшін қаржылай грант көлемін екі есеге арттыруды тапсырды, студенттерді де бизнеске баулуды ұсынды. Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға 3 жылдың ішінде 32 млрд теңге бөлу үлкен қолдау екені сөзсіз. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда жас кәсіпкерлердің мүмкіндігі мол. Себебі олар өте белсенді, іскер, бизнестің қыр-сыры туралы білімдері кемел. Қоғамның негізгі қозғаушы күшіне айналуға қабілетті. Оларға дер шағында қол­дау жасап қолтығынан демесе, аз жылда жас кәсіпкерлердің ісі кең қанат жаятынына сенімім кәміл.
Жалпы, биылғы жыл жас­тар мәселесіне қатысты басқа да маңызды мәселелер мен бас­тама­лардың бастауы болады деп санаймын. Жастар мәселесі әрдайым өзекті болғанымен, бұрын кейбір дүниелер кейінге қалдырылып келгені жасырын емес. Енді бәрі басқаша болуы керек. Әр салада­ғы мәселелерді түп­кі­­лік­ті шеше­тін ұзақ мерзімді стра­­­те­гия­лық шешімдер қабыл­­дан­са, кешенді шаралар атқарылса деп тілеймін және оған үміт артамын. 

Жастарға негізгі құндылық­тар­ды анықтап берсек, онда ал­дағы жы­лдары соның жемісін көре бастаймыз.

Мақсат ҚОЖАМБЕК,

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы