Озық тәжірибені үйде де үйренуге болады
Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:02
Ұлттық медициналық холдинг дүние жүзінің алдыңғы қатарлы клиникаларының ең үздік мамандарын тарту арқылы Қазақстанда денсаулық сақтауда менторлық институтты дамытуға бағытталған жұмысты бастады.
Бұл отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңалық болып табылады. Оның негізгі артықшылығы – шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды «қызмет орындарында» оқытады. Бұл ретте менторларды Қазақстанға шақыру, мамандарды шетел клиникаларында оқытудан әлдеқайда арзан.
Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:02
Ұлттық медициналық холдинг дүние жүзінің алдыңғы қатарлы клиникаларының ең үздік мамандарын тарту арқылы Қазақстанда денсаулық сақтауда менторлық институтты дамытуға бағытталған жұмысты бастады.
Бұл отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңалық болып табылады. Оның негізгі артықшылығы – шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды «қызмет орындарында» оқытады. Бұл ретте менторларды Қазақстанға шақыру, мамандарды шетел клиникаларында оқытудан әлдеқайда арзан. Менторлар екі аптаның ішінде күн сайын клиникалық блокта дәрігерлермен және медбикелермен бірге жұмыс істеп, оларды медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына, әсіресе, күнделікті практикада дәлелді медицинаны қолдануға үйретеді. Сонымен бірге, қазақстандық дәрігерлермен біріге отырып, ауыр оталар жасауға қатысады. Мысалы, Нейрохирургия орталығында 4 күн бойы мидағы ісіктерді алып тастау бойынша 7 ота жасалды.
«Қазіргі уақытта Ұлттық медициналық холдингқа 24 шетел менторы келді. Ал жыл аяғына дейін медицина тәлімгерлерінің жалпы саны 77 адам болады», – делінді Ұлттық медициналық холдингта өткен баспасөз мәслихатында.
«Егемен-ақпарат».