8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Астанада 8 ақпанда түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.
8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертен және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласы: күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.