Кеше елордаға 1247 тонна көмір әкелінді. Оның 897 тоннасы – «Шұбаркөл», 350 тонна – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей:
«Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге,
«Қаражыра» тоннасы – 12 700 теңге,
«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,
«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.
Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.