08 Ақпан, 2019

Іле ауданы Алматыны көкөніспен қамтып отыр

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Іле ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Бүгінде ауданда жыл бойы көкөніс, жеміс өсірумен айналысатын 45 жылыжай жұмыс істеп тұр.

Іле ауданы Алматыны көкөніспен қамтып отыр

Осы жылыжайлар өткен жылы 462 тонна көкөніс өндіріп, нарыққа шығарған. Аудан шаруалары дайын өнімді алысқа арбалап тасымайды. Іргедегі Алматы қаласының азық-түлікке деген сұранысы жоғары. Әрі табиғи өнімді көтерме бағамен сатып алуға ынталы сауда нүктелері көп. Осы мақсатта ауданда көкөніс сақтау қоймаларын көбейтуге қадам жасалуда. Қазір жиналған өнімді сақтауға арналған 9 көкөніс және 6 картоп қоймасы ашылған.

- Жалпы ауданның еңбекерлері өткен жылы 74,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Әсіресе, озық технологияларды пайдалану нәтижесінде жүгері, картоп, бақша дақылдарын және көкөніс өсірудің көлемі мейлінше көбейді. Өңдеу өнеркәсібі мен қайта өңдеу саласы да дамып келеді. Былтыр бұл бағытта 28 кәсіпорын жұмыс істеп, 63 миллиард теңге пайда тапты, - дейді Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше