Президент • 13 Ақпан, 2019

Елбасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі басталды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Елбасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі басталды. Кездесу ҚазМедиа орталығында өтіп жатыр.

Елбасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі басталды

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. Жоба Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аясында екінші рет жүзеге асуда.

Бұл жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, дара жолдары өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның ерекшелігі - үміткер өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға мүмкіншілік берілді.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне үміткерлерден өтінім қабылдау өткен жылдың қыркүйегінде басталды. Өтінімдер 2018 жылдың қазан айының ортасына дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданды, одан әрі қараша айы бойы онлайн дауыс беру жалғасты. Жалпы, екі жылдың ішінде жобаға қатысуға 4 мыңға жуық өтінім түсті. Дауыс бергендердің саны 100 мыңнан асып жығылды. Айта кетерлігі, жобаның бірінші кезеңінде 2 мыңнан аса өтінім қабылданды. Оның 302-і іріктеуден өтіп, 102 үміткер «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.