14 Ақпан, 2019

Алматы облысында меценат мұқтаж отбасына үй алып берді

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге танымал меценат-кәсіпкер Асқар Сүлейменов Алматы облысы, Талғар ауданы Гүлдала ауылыннан мұқтаж отбасына баспана сатып алып берді. Жанболатовтар әулеті бұған дейін ауылдағы монша үшін салынған ғимаратты паналап келген екен.

Алматы облысында меценат мұқтаж отбасына үй алып берді

- Қуаныш Жанболатовтың отбасы ескі моншада тұратынын әрі отағасының мүгедек екені біз әлеуметтік желіден көріп, хабардар болды. Бейнежазбаны көрген облыс әкімі Амандық Баталов Талғар ауданындағы іскер азаматтардан қолұшын беруді өтінді. Алғашқы болып үн қатқан мецанат Асқар Сүлейменов отбасына үй сатып алып беретінін айтты, - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ал отағасы Қуаныш Жанболатов билік тарапынан мұндай әрекет күтпеген екен. Ол баспаналы болғанын облыс әкімінің өзі келіп, жаңа үйге көшетінін айтқанда барып бірақ білген. Ұйғыр ауданының тумасы өндірістік жарақаттың кесірінен бір көзінен айырылыпты. Қазір жұмыссыз.

Мұқтаж отбасын жарылқаған мецанат Асқар Сүлейменов Қуанышқа ауылдан лайықты жұмыс тауып беруге уәде берді.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы