Бұл жобаның толық іске қосылуы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалары бойынша қызмет көрсетуді жеңілдетіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай туғызбақ.
- «Smart Taldyqorgan» қосымшасында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көлік және жолаушы тасымалы, ойын-сауық, туризм, әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орындары жайлы ақпартпен қатар, қалада өтетін мәдени-көпшілік іс-шаралары, қажетті қызметтердің байланыс телефондары, коммуналдық қызмет үшін төлемдерді үйден шықпай-ақ төлеу мүмкіндігі, ұсыныстар мен тілектер және көптеген өзге де мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына бірыңғай интеграцияланған жүйе арқылы өмір сүрудің түрлі салаларында сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді, - дейді облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы