15 Ақпан, 2019

Жыл сайын мектеп құрылысына шамамен 60-70 млрд теңге бөлінеді - Е. Сағадиев

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы министр Е. Сағадиев Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Жыл сайын мектеп құрылысына шамамен 60-70 млрд теңге бөлінеді - Е. Сағадиев

"Жыл сайын орта есеппен мемлекеттік бюджеттен мектеп құрылысына шамамен 60-70 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ мектептерді орналастыру, осы елді мекенде мектептің қажеттілігі, құрылыс құны туралы үлкен мәселелер де бар. Ұзақ талқылаудан кейін 2020 жылдан бастап құрылысты қаржыландырудың жаңа әдістемесін және күрделі жөндеуді енгізу шешілді. Енді балалар саны бойынша жан басына шаққандағы нормативке бөлінеді және өңірлерге жалпы сипаттағы трансферттерде беріледі. Енді осы ақшаны алған облыс қандай мектепті салуды, қайда салуды немесе жөндеуді, салымды және т. б. шешетін болады", деді  Е. Сағадиев.