28 Сәуір, 2012

Бірлігі жарасқан ауыл бар

534 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірлігі жарасқан ауыл бар

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:05

Облыстағы Ақтоғай ауданында тұратын өзге ұлт өкілдері қай салада болмасын белсенді. Өздері туып-өскен ауылдары үшін еңбек етуде. Мысалы, орыс Игорь Головашов басқа­ратын «Ақтоғай-Агро» фирмасын, украиндар Анатолий және Владимир Филипишиндердің «Надежда» және «Весна», неміс Николай Видикердің «Қазақ­стан», ингуш Декало Мержоев­тың «Алға», чешен Эльмах Али­султановтың «Бей­біт» қожа­лық­тарын үлгі етіп айтуға болады.

 

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:05

Облыстағы Ақтоғай ауданында тұратын өзге ұлт өкілдері қай салада болмасын белсенді. Өздері туып-өскен ауылдары үшін еңбек етуде. Мысалы, орыс Игорь Головашов басқа­ратын «Ақтоғай-Агро» фирмасын, украиндар Анатолий және Владимир Филипишиндердің «Надежда» және «Весна», неміс Николай Видикердің «Қазақ­стан», ингуш Декало Мержоев­тың «Алға», чешен Эльмах Али­султановтың «Бей­біт» қожа­лық­тарын үлгі етіп айтуға болады.

Сонымен қатар, татар, орыс, чешен-ингуш, украин, болгар этномәдени бірлестіктері дос­тық, бірлік жолында бірлесе қызмет жасауда. Тіпті, аудан­дағы бір ғана Разумов деп аталып жүрген ауылдық аумақта тұратын төмендегі отбасыларды атап өтсек, достық, өзара келі­сім дегеніміз осы деп ойлайсыз.

Ертіс өзені жағасындағы бұл ауыл, атының өзі айтып тұр­ған­дай, отарлау саясаты кезінде ал­ғаш­қы қоныс аударушыларды қар­­сы алған ауыл. Осы күнгі тұр­ғын­дары алғаш­қы қоныс­та­ну­шы­лардың ұрпақ­тары саналады.

Екіншіден, Разумов ауылдық аумағына шетел асқан өз қан­дастарымыздың қайта оралып, қазақы ортаны толтырып, осы жерге қоныстанғаны да құт-бе­реке. Разумов ауылын болгар халқының өкілдері алғаш келген кезден бастап, яғни қазіргі Петр Ангеловтың аталары да мекендепті. Ал Петрдің өзі тың игеру жылдары – 1954 жылы осы ауылда өмірге келіпті. Жұ­байы – Зағипа Темірғалиқызы қа­зақ қызы. Екеуі үш баланың ата-анасы, немерелері бар. Петр ағай мектепте күзетші болса, Зағипа үй шаруасында. Ерлі-зайыпты Ангеловтардың жеке аула ша­руа­шылығында малдары, құстары бар, бау-бақша өсіреді.

Екінші отбасы орыс Виктор Геннадьевичтің әйелі Айгүл Төлегенқызы да қазақ, екеуінің 6 баласы қазақ сыныбында оқи­ды, қазақша-орысша ағып тұр. Виктор ағай мектепте шаруа­шылық ісінің меңгерушісі. Ал қазақ Жомарт Әріповтің зайыбы Светлана Геннадьевна – орыс қызы. Ол кісі қазақ шаңырағына келін болып түскенін қатты қадірлеп, ұлтымыздың салт-дәстүрін жақ­сы үйреніп алыпты. Отбасында 4 бала бар.

Бұл ауылда сондай-ақ сонау алыстағы Қап тауындағы ха­лық­тардың бірі – чешен ұлты­ның өкілі Анзоровтар тұрады. Ота­ға­сы Баматгири Анзоров әр этнос өз ата-баба мекеніне кете баста­ған кезеңде біздің еліміз­ден басқа жаққа кетуді ойларына да алма­ған екен. Өйткені, туған жері – Қазақстан. Отаны да Қазақстан. Разумов ауылында 3 баласы мен 9 немересі туды. Бәрі өсіп-өнді. Зейнеткерлік жасқа жетсе де Баматгири ағай ауыл шаруашы­лы­ғымен айналысып, мал өсіреді. Ауыл тұрмыс-тіршілігіне дән риза. «Тыныш­тық бесігі – еліміздің қара ша­ңырағы аман болсын, қа­зақ хал­қының кең пейіліне, Елбасына алғысымыз шексіз», дейді ол.

Фарида БЫҚАЙ.

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы.