05 Мамыр, 2012

Сардарлардың алтын ұясы

284 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сардарлардың алтын ұясы

Сенбі, 5 мамыр 2012 8:28

Бүгінгі таңда Ұлттық қор­ға­ныс университетінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызме­ті, Ішкі істер ми­нис­трлігінің ішкі әс­кер­лері, Рес­пуб­ликалық Ұлан сар­дарлары және Ұжымдық қауіп­­­сіздік келісім ұйы­мына кіретін Қырғызстаннан 7, Тәжік­стан­нан 11 офицер білім алуда. Университетте тыңдау­шы­­ларға бар­лық қо­лай­лы жағ­дайлар жасал­ған. Оқу залындағы кітап қо­ры­ның өзі 57 мың дананы құрай­тыны, онда элек­тронды кітапхана ұйым­­дас­ты­рылғаны ғылыми әлеуеттің жыл санап қуаттанып келе жат­қан­дығын білдіреді.

 

Сенбі, 5 мамыр 2012 8:28

Бүгінгі таңда Ұлттық қор­ға­ныс университетінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызме­ті, Ішкі істер ми­нис­трлігінің ішкі әс­кер­лері, Рес­пуб­ликалық Ұлан сар­дарлары және Ұжымдық қауіп­­­сіздік келісім ұйы­мына кіретін Қырғызстаннан 7, Тәжік­стан­нан 11 офицер білім алуда. Университетте тыңдау­шы­­ларға бар­лық қо­лай­лы жағ­дайлар жасал­ған. Оқу залындағы кітап қо­ры­ның өзі 57 мың дананы құрай­тыны, онда элек­тронды кітапхана ұйым­­дас­ты­рылғаны ғылыми әлеуеттің жыл санап қуаттанып келе жат­қан­дығын білдіреді.

Биылғы жылдың ақпан ай­ын­да Ұлттық қорғаныс универ­ситетінің құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар ішінде Ор­талық Азиядағы бірегей оқу ор­нының ұжымы көптеген айтулы жетістіктерге қол жеткізгені анық. Мұны 34 офицеріміздің уни­верситетті үздік бағамен бітіргенімен дәлелдей аламыз. Осы жылдар аралығында университетті бітірген 9 адам генерал атағын алды. Контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов еліміздің Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Тал­ғат Қойбақов «Оңтүстік» ай­мақ­тық әскерлерінің басқару­шы­сы, генерал-майор Асхат Рыс­паев ҚР Құрылықтағы әскерлер институтының бастығы болса, Дәулет Оспанов пен Еркін Бо­тақанов Аэроұтқыр және Ішкі әскерлер бастықтарының бірінші орынбасарлары қызметтерін атқаруда. Сондай-ақ, университетте әр жылдарда есімдері елге белгілі генерал-лейтенанттар Ба­қытжан Ертаев, Болат Жанасаев, Абай Тасболатовтардың басқар­ғанын айта кетуге тиіспіз. Биыл І курста Қазақстанның Халық ҚаҺарманы капитан Азамат Жұ­мәділов оқып жатыр.

2006 жылдан бастап халық­аралық білім беру стандарт­тарына сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстанның әс­ке­ри білім беру жүйесінде ал­ғашқылардың бірі болып несиелік білім беру жүйесіне кө­шіп, білім беру бағдарламасын және зерттеу жұмысын табысты игерген түлектеріне «магистр» академиялық дәрежесін бере бастады.

2008 жыл Ұлттық қорға­ныс университеті үшін маңызды болып есептеледі, себебі осы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі­гі­нің шешімімен университет жа­нынан алғаш рет халықаралық дәрежесі бар Докторлық дис­сер­тациялық кеңес құрылды. Оның құрамына Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына мүше үш мемлекеттің 18 ғылым докторы енген. Со­нымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрама­ла­рының әскери қызметкерлері үшін ғылым докторы және ғы­лым кандидаты ғылыми дәре­жеге ие болу үшін докторлық және кандидаттық диссертация­лар­ды қорғау мүмкіндігі туды. Нәтижесінде, 2008-2010 жылдар аралығында Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Док­тор­лық диссер­тациялық кеңесте 6 докторлық және 23 канди­дат­тық диссертациялар табысты қорғалды.

2011 жылдың 1 қыркүйегі – Білім күні – Қазақстан Респуб­ликасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков салтанатты түрде әскери және мемлекеттік басқару факультетін, докторан­тураны және ҚР ІІМ Ішкі әс­керлер факультетін ашты. Сөй­тіп, Орталық Азия аумағында жоғарыдан кейінгі кәсіби әскери білім беру бағдарламасы бойын­ша магистратурада және докторантурада әскери, ғылыми және педагогикалық кадрларды дай­ын­дайтын бірден-бір әскери оқу орнының жаңа тарихи беті ашылды.

Дастан КЕНЖАЛИН,

Ақмола облысы,

Бурабай кенті.