Сақтанғанның қорғанышы мықты
Жұма, 20 шілде 2012 7:27
Жаз айлары түрлі жұқпалы ауруларға жол ашатын мезгіл. Осы кезде, әсіресе, тырысқақ, безгек сынды дерттердің өршитіні белгілі. Оның сан түрлі себебі бар десек те, адамдардың өз денсаулықтарына немқұрайдылықпен қарауы да көп жағдайда өкінішке ұрындырып жатады. Денсаулық сақтау министрлігінде Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин өткізген брифингте осындай да ойлар айтылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге болады. Тұрғындардың тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, оба, күйдіргі, дифтерия, сіреспе, аусыл ауруларымен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Есесіне туляремияның, безгектің, трихенеллездің бірен-саран жағдайы байқалды, деді Ж.Бекшин мырза.
Оның айтуынша, өткен жылға қарағанда, биыл жіті вирустық гепатитпен сырқаттанушылар 38,6 пайызға, оның ішінде А вирустық гепатиті 39,3 пайызға, В вирустық гепатиті 32,6 пайызға, қызылша 39,5 пайызға, сарп ауруы 22,6 пайызға, тыныс алу ағзаларының туберкулезі 7,8 пайызға, сондай-ақ ВИЧ ауруына шалдыққандар 15,1 пайызға кеміген.
Үстіміздегі жылы еліміздің жеті өңірінде ішек инфекциясын жаппай жұқтыру фактілері орын алды. Үй жағдайында және әртүрлі мереке-тойлар өткізу барысында қоғамдық тамақтандыру орындарында дайындалған тамақтардың сапасыздығынан болған мұндай жағдайлар туралы БАҚ кезінде жазған болатын.
Еліміздің бас санитар дәрігері түрлі жұқпалы аурулардың шекара асып келетінін де жасырмады. Өйткені, еліміз өзге елдермен сауда-саттық және туристік байланыс орнатқан ашық мемлекеттер қатарында. Әсіресе, Ресей, Түркия, Шри-Ланка, Тайланд сияқты мемлекеттермен қарым-қатынаста сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Мәселен, биылдың өзінде Ресейде «Сібір күйдіргісі», негізгі отаны Тайланд боп есептелетін Қырым-Конго қанды безгегі ошақтары анықталды. Сондай-ақ, алыс-берісіміз біршама тәуір елдердің қатарындағы Түркияда қызылша, безгек, тырысқақ ауруларын жұқтыру қаупі бар.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».