Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

  Прокурор 4 жыл сұрады, ал сот ақтады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Діни алауыздық тудырды деп айыпталған  Петропавл қаласының тұрғыны ақталып шықты.

  Прокурор 4 жыл сұрады, ал сот ақтады

Прокуратура Тимур  Дәулетовке  «В контакте» әлеуметтік желісі арқылы діни алауыздық тудыратын бес материал таратты деген айып тағып, соттан  төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Материалдардың үшеуі сараптамаға жіберіліп,пікірлер екіге жарылған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан сот сараптамалары институтының сарапшысы діни алауыздық тудыру белгілері бар деген қорытынды шығарса,  Әділет министрлігі орталық сот сараптамалары Алматы бөлімшесі керісінше тұжырым жасаған.

Айыпталушының адвокаттары  «Әділ сөз» ақпараттық  дауды сараптау  орталығына жүгінген. Оның мамандары  жарияланған бейнероликтер жастарды, сауаты аз жандарды теріс діни ағымдардан сақтандыруды діттейді деген қорытындыға келген.

Сөйтіп, бес айға созылған іске нүкте қойылып, Т. Дәулетов  сот залынан  босатылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы