Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

 «Жақсылық жаса» жобасы аясында бір отбасы баспаналы болды

1029 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының  «Жақсылық  жаса» атты акциясы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге ұйытқы бола бастады. Қайрымдылық жасауға үндейтін жоба партия мүшелері тарапынан кең қолдау тауып, мұқтаж жандарға көмек беру дәстүрге айналды деуге болады.

 «Жақсылық жаса» жобасы аясында бір отбасы баспаналы болды

Алматы облысында да Nur Otan партиясы филалы тарапынан игі іс жасалуда. Мәселен, Талдықорған қаласында тұрмысы төмен, көп балалы бірнеше отбасыға қаржылай көмек пен баспана алуға қаражат берілді. Жомарт жандар мұқтаж әулеттерді  азық-түлікпен қамтамасыз етуге де аянбай қолдау танытуда. Партия бастамасымен 8 наурыз мерекесіне орай да көп балалы отбасылардың үйіне арнайы барып, тұрмысқа қажет заттар, азық-түлік, киім-кешек тарту ету етілді.

Осындай ізгі істің үлгісін  Алматы облыстық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданындағы «БиК service» серіктестігінң директоры Қуат Сұлтанғазиев көрсетті. Ол осы аудандағы Масақ ауылынан әлеуметтік жағынан әлсіз қамтылған  Қарақойшиевтер әулетіне үй сатып алып берді. «Жақсылық жалқы болмасын» деген ниетпен үйдің отағасы Русланды жұмысқа алып, жалақы төлеуге уәде етті. Өңірге белгілі қальалы азамат бұған дейін де партияның қайырымдылық жобаларына ат салысып жүр екен. Кәсіпкер Шелек ауылындағы балалар үйі бүлдіршіндеріне үнемі көмек қолын созып келеді.   

- Жақында Астанада өткен партияның кезекті ХVІІІ съезіне делегат болып қатыстым. Онда Елбасы Үкіметтке нақты тапсырма беріп, іскер азаматтарға тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосуға шақырды.  Мен біздің қатарымызда мейірімді жандардың көп екенін білемін. Өзіміз туған жердегі қоғамдық өмірге араласып, тұрғындардың мәселесін шешуге үлес қоса алсақ, адамдық парызымызды өтегеніміз, - дейді БиК service» серіктестігінң директоры Қуат Сұлтанғазиев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы