17 Наурыз, 2019

Көктемгі жүгіру жарысына 1 200 адам қатысты

2034 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Алматыдағы Баум тоғайында Көктемгі жүгіру жарысы өтті. Оған 1200 әуесқой жүгіруші қатысты.

Көктемгі жүгіру жарысына 1 200 адам қатысты

Жарыстың ең кішкентай қатысушысы 10 жаста, ал ең үлкені – 82 жаста.

- Көктемгі жүгіру жарысы спортпен барлық жастағы адамдар айналыса алатынын дәлелді. Көпшілік үшін жүгіру – жай ғана спорт емес, өмір философиясы. Қаланың Баум тоғайы, Тұңғыш Президент Саябағы тәрізді орындары - жүгіру және үлкен сөрелерге дайындалу үшін жағымды келетін алаңдар, - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.  

Сөреге бірінші болып 3 км балалар қашықтығына (10-14 жас) қатысушылар шықты. Ұлдар арасында  – Доминик Боловинцев, ал қыздар арасында – Рима Гранкина мәреге бірінші болып жетті.

Көктемгі жүгіру жарысының ең жүйрік қатысушылары, яғни ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаз үштік 1-ші орын үшін 50 000 теңге, екінші орын үшін 30 000 теңге, үшінші орын үшін 20 000 теңге ақшалай сыйлықтар алды. 13 км қашықтыққа қатысушылар арасында ерлер арасынан Михаил Красилов 41 минут 6 секундта, ал әйелдер арасынан Бишкек қаласынан келген Юлия Фернас 52 минут 1 секундта ең үздік нәтиже көрсетті.  

Көктемгі жүгіру жарысының нәтижелері «Алматы марафоны» сайтында жарияланады.

- Маусымдық жарыстар – үлкен сөреге дайындалуға тамаша мүмкіндік. Биыл мен 21 км қашықтықтағы жартылай марафонға үшінші мәрте қатысамын. Менен спортсыз да табысқа жетуге бола ма деп сұрайтындарға мен қарсы сұрақ қоямын. Сізге арақашықтығы 1000 км болатын А нүктесінен Б нүктесіне қауіпсіз әрі тез жету қажет делік. Сіз қандай көлік таңдайсыз? Шағын литражды қалалық автобусты ма немесе қуатты жол талғамайтын көлікті ме? Ең жиі айтылатын жауап: жол талғамайтын көлік. Өмірде де солай: өз ағзаңның ерекшеліктерін білмесең, оған қандай «отын» қажет екенін білмесең, өз «моторыңның» сипаттамаларын сыннан өткізбесең, сен қандай жылдамдықпен және қаншалықты ұзақ жол жүре алатыныңды білмейсің. Спорт қуат береді, мақсат қойып, оған жетуге үйретеді. Бұл бізді шынықтырып, күшті ете түседі», - дейді «Алматы марафонының» бренд-амбассадоры, атлет, табысқа жету коучы және жаттықтырушысы Асқар Аманбаев.  

Көктемгі жүгіру жарысы – сәуірдің 21-де өтетін ең ірі спорттық шара «Алматы марафоны» 2019 жарысына дайындалуға трамплин, ақырғы дайындалу сатысы. Орталық Азиядағы ірі спорттық шараға тіркелу 1-сәуірден almaty-marathon.kz сайтында ашылады.