Қырғыз үкіметі отставкаға кетті
Сенбі, 25 тамыз 2012 5:54
Брейвикке үкім шықты
Осло қаласының округтік соты норвегиялық терроршы Андерс Брейвикке қатысты оның ақыл-есі бүтін деген шешім шығарды.
Сенбі, 25 тамыз 2012 5:54
Брейвикке үкім шықты
Осло қаласының округтік соты норвегиялық терроршы Андерс Брейвикке қатысты оның ақыл-есі бүтін деген шешім шығарды.
Істі қарау ашық режімде өтуде және теледидар арқылы бүкіл әлемге таратылуда. Судья Венке Арнцен үкімнің қорытынды бөлігін кешіктірместен хабарлаған. Сөйтіп, сот отырысының алғашқы минутында-ақ Брейвикті 21 жылға бас бостандығынан айыру жөніндегі сот шешімі мәлім етілген. Бұл ең төменгі мерзім. Егер сот қылмыскер қоғамға қауіп төндіреді деп шешсе мерзімнің ұзартылуы да әбден мүмкін. Брейвиктің өзі сот үкімін күлімдеп тұрып тыңдаған көрінеді.
Келіссөздердің жаңа раунды өтпек
Венада Иран мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келіссөздердің жаңа раунды өтеді.
Ол кездесудің негізгі тақырыбы Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы болмақ. Иранның МАГАТЭ жанындағы тұрақты өкілі Әли Асгар Солтаниенің айтуынша, Иранның МАГАТЭ-мен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге келісуі Тегеранның халықаралық қоғамдастықпен қызметтестігінің деңгейін және орын алған проблеманы реттеуге деген талпынысын көрсетеді.
Қырғыз үкіметі отставкаға кетті
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті толық құрамда отставкаға жіберетін жарлыққа қол қойды.
Президент мұндай жарлыққа парламенттік басымдықтағы коалицияның ыдырап кетуіне байланысты қол қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Қырғызстан президенті аппаратынан шыққан ақпаратқа сілтеме жасай отырып. Енді президент парламенттік бес фракцияның біріне жаңа коалиция құру үшін мандат беруге тиіс. Айта кету керек, Қырғызстан парламентіндегі коалиция 2010 жылғы сайлаудың қорытындысы бойынша құрылған болатын.
«Тәртіпті нығайту» науқаны жүруде
Солтүстік Кореяда қазіргі уақытта кәсіпорындарда, оқу орындарында, тұрғылықты жер бойынша комитеттерде жаппай жиналыстар өтуде.
Жиналысқа қатысушыларға партия мен арнайы қызмет өкілдері бізге сендердің қайсыларыңның тыйым салынған бейнетаспаларды қарайтындарың жақсы мәлім. Дегенмен өз кінәларыңды мойындауға мүмкіндік беріледі. Егер өз істегендеріңді қағазға жазып берсеңдер бәлкім, сендерге кешірім болуы мүмкін деген ескерту жасайды екен. Бұл жиналыстар Солтүстік Кореяда жүріп жатқан «тәртіпті нығайту» науқанының бір бөлігі болып табылатын көрінеді.
Әлемдегі ең ықпалды әйел кім?
ГФР канцлері Ангела Меркель мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон планетадағы ең ықпалды әйелдердің жыл сайынғы тізімінің басына шықты.
Америкалық «Форбс» журналы жасаған тізім бойынша үшінші орында Бразилия президенті Дилма Руссеф тұр. Бұл тізімге сол сияқты АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мишель Обама мен Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ де енген. Олар тиісінше 7-інші және 26-шы орындарды иеленіп отыр. Осы рейтингтен Билл Гейтстің зайыбы Мелинда Гейтс пен «Үнді ұлттық конгресі» партиясының лидері Соня Ганди де орын алған көрінеді.
Билік ереуілшілермен келісімге келді
Тәжікстандағы Таулы Бадахшанның әкімшілік орталығы – Хорог қаласында санкцияланбаған митингіге қатысушылар қаладан әскерді шығарса ереуілді тоқтататындарын хабарлаған.
Мұндай уағдаластыққа үкімет күштері штабы басшылығының наразылық білдірушілермен жүргізген келіссөздері барысында қол жеткен көрінеді. Өкімет сонымен бірге ықпалды дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаровтың қаза табуына байланысты қозғалған істі мұқият тергеу жөнінде де уәде беріп отыр. Айта кету керек, билік Имомназаровқа мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің генералын өлтіруге қатысы бар деген айып таққан болатын.
Солдат естелігі жарық көрмек
Dutton баспасының мәліметтеріне қарағанда, Усама бен Ладеннің көзін жоюға қатысқан америкалық десантшы әлі де құпия саналатын операция туралы есеп жазған көрінеді.
«Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, ол есеп алдағы айда жарияланбақ. Егер жазылғандар шындық болса, ол кітап Пәкстанның Абботтабад қаласындағы бен Ладеннің жасырынған жеріне рейд жасаған «теңіз итбалықтары» командасының мүшелері ұстанған құпияны бұзған болып шығады. Ресми адамдар автордың да, баспагерлердің де орталық барлау басқармасының қорғаныс департаментін кітап мазмұнымен алдын-ала таныстырмағанын айтқан. Кітап «Ауыр күн: бен Ладенді жою жөніндегі миссияға қатысушының есебі» деп аталады екен.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.