28 Наурыз, 2019

Токиодағы сәтті кездесу

560 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы Тәуелсіздік алған жылдардан бастап небір айтулы табыстарға, ғылыми озық жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Жақында Ұлттық Ядролық Орталықтың Бас директоры Эрлан Батырбеков Жапония астанасы Токио қаласына арнайы шақыртумен барып қайтты.

Токиодағы сәтті кездесу

Сапар барысында «Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation» басшысы, Goro Yanase мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар «CORMIT» жобасын бірігіп жүзеге асыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ, «CORMIT-2» жобасын да қолға алу қажеттігі айтылды. Yanase мырза ҚР ҰЯО ұжымына түрлі зерттеулерге қосып жатқан үлесі үшін разылығын білдірді.

- «CORMIT» жобасы сумен салқындатылатын реактордың (LWR – Light Water Reactor) жұмысын жақсартуға арналған. Мәселен, ауыр авария кезінде қатты жарылыстан  балқыма тұтқышын ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін жалатылатын жоғары температуралы әртүрлі қорғаныс материалдары болады. Міне, осылардың өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған ғылыми жоба,-деді ҚР ҰЯО Бас директоры Эрлан Батырбеков,-«CORMIT» жобасының бірінші сатысы шеңберіндегі эксперименттік зерттеулер  2012-2016 жылдары орындалды. 2018 жылдан бастап жобаның екінші сатысы «CORMIT-2» іске асырылуда. Бүгінгі күні «Лава-Б» қондырғысында оннан астам шағын ауқымды тәжірибелер өтті. Сондай-ақ индукциялық қыздыру әдісімен қалдық жылудың бөлінуін моделдей отырып, реактор астындағы тұтқыштың ыстыққа төзімді жабынын анықтау бойынша бір ірі ауқымды тәжірибе өткіздік.  

Эрлан Батырбековтың айтуынша, Yanase мырза «Фукусима-1» АЭС-індегі апатты кориумды сақтау және оны қауіпсіз алып шығу мәселесінде ҰЯО ғалымдарымен бірігіп жұмыс істеу көп нәтиже берді деп, қазақстандық ғалымдарды ерекше бағалапты. Сондықтан да «Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation» басшылығы әріптестік бағытты арығарай да арттыруға ниет білдіріп отыр екен.  Әсіресе, Токамаке КТМ құрылғысының жұмыстарына қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта тараптар техникалық бағытта көптеген ауқымды жобаларды бірлескен түрде жүзеге асырмақ. Осыған орай ғылыми семинарлар өткізу де қолға алынады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

«Еgemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30