Қоғам • 01 Сәуір, 2019

Екпе туралы ақиқат пен аңыз

1523 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ол аяғын сылтып басады. Дәрігерлердің соңғы қойған диагнозы – артр­ит. Аружан (өз өтініші бойынша аты өзгертілді) осыдан 4 жыл бұрын салдыртқан екпенің зардабын әлі де тартып келе жатқанын айтты. Содан бері аурухана мен үйдің арасын тоздырып, ем-дом алудан шаршаған. Кезінде оның ауырып тұрған хәлі ескерілместен, қатарластарымен бірге егілген. Дәрігерлер мұны вакцинаның әсерінен емес екенін алға тартса да, Сарыағаштағы емдеу орталығына тегін жолдама берген. «Осыдан соң бұл аурудың екпе салдыртқаннан пайда болғанын білдім», дейді ол.

Екпе туралы ақиқат пен аңыз
Соңғы кездері осыған қатысты қоғам­­ның пікі­рі екіге жарылды. Ғалам­тордағы ақпа­рат пен қарапайым адам­­дар­дың алып-қашпа әңгімесі екпе салдыртудан бас тартатындардың санын арт­тырып жіберді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2014 жылдан бері 14823 адам екпе салдырудан бас тартқан. Атап айтсақ, 2014 жылы – 2971, 2015 жылы – 5412, 2016 жылы – 1302, 2017 жылы – 3188, 2018 жылы 1950 адам вакцинаға қарсылық білдір­ген. Бас тарту жағдайы бойынша басым үлесті Алматы облысы алып отыр. 
Министрліктің берген мәліметіне қарағанда, елімізде жыл сайын 5 миллионға жуық адам екпе салдырса, оның 1,3 миллионы – балалар. Ал Елбасының қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінен соң Денсаулық сақтау министрлігі вакцина жасау көлемін 1,5 есеге арттыруды көздейді. Вакцина егілгендегі сәтсіздік 2018 жылы жалпы санға шаққанда 0,05%-ды құраған. Бүгінде Қазақстанға Франция, Бельгия, Үндістан, АҚШ, Корея, Ресей елінен ДДСҰ-ның талаптарына жауап бере­тін вакциналар әкелінеді. 

Дәрі-дәрмектің бәрі ем бе?
Жеңіл-желпі ауруға дәрі-дәрмек іздеп, айығуға асығатындар баршы­лық. Тіпті бас ауырып, балтыр сыздаса да, дәріханаға жүгіретініміз рас. Ауырып емханаға жол түсе қалған жағдайда дәрі-дәрмекті қажетінше жазып беріп жатады. Дәрігер қандай дәрі ішу керектігін айтып бермесе, көңіліміз көншімей, емханадан күпті болып шығамыз. Қазір гепатит, қызылша сынды жұқпалы ауруларға қарсы екпе салдырмаса да, тұмауға қарсы вакцина еккізіп жататындар бар. Ал ақ желеңділер, керісінше, тұмауға шалдығып, бас ауырған жағдайда әуелі ағзаның өзі күресуіне мүмкіндік жасау керегін алға тартады. Бұл туралы Ана мен бала денсаулығы Ұлттық ғылыми орталығының дәрі­гері, профессор, иммунолог Рафаил Розенсон: «Егер тұмауға шалдық­саңыз, дәрі-дәрмекке жүгіну­дің қажеті жоқ. Организмге аурумен күре­суге мүмкіндік беру керек. Егер ағза өзі күрессе, келесіде ол ауру түрі­нен жеңіл өтеді», дейді. Дәрігер, сондай-ақ орынды-орынсыз антибиотик­ке жүгіну­дің де зиян екенін айтады. 

Екпеден сеп болмаса кім кінәлі?
Р.Розенсон екпенің жүз пайыз пайдалы екенін айтты. «Соңғы уақытта адамдар ғаламтордан оқып алған ақпарға сеніп, екпеден бас тартып жатыр. Ал шын мәнінде, мұндағы сәтсіздік миллионға шаққанда бір адамнан келеді. Бізге келетін вакци­на­ның бәрі тексерістен өтеді», дейді ол. Ал егілген соң демікпе болған, әртүрлі ауруға шалдыққан адамдарға қатысты не айтамыз? Мұның басты себебі – екпе салу барысындағы салғырттық. Мамандар ауырып тұрған не жақында ғана айыққан адамға вакцина егуге болмайтынын қатаң ескертуі керек. 
Дін мен екпенің 
қатысы қанша?
Қоғамда сондай-ақ «дін ұста­на­тын мұсылмандар екпеге қарсы» деген кереғар пікір қалып­тасқан. ҚМДБ Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы дін ұстан­­бай­тын­­дардың арасында да қарсы­лар­­дың көпті­гін, бас тартқан­дар­дың өз аргу­мен­ті бар екенін айта­ды. «Бәрін дінге апарып телу­дің қажеті жоқ. Бас тартып жатса, әркім­нің өз дәле­лі бар. Дін ғылымға қарсы емес», дей­ді ол. Осыған қатысты мешіт жама­ға­тына сауална­ма жүргіз­ге­ні­міз­де, қолда­ғандар да, қарсы пікір білдірген­дер де кездесіп жатты. Екпеге қарсылардың негізгі дәлелі – егілген соң ауруға шалдық­­қан таныс­та­ры мен ғаламтор арқы­лы алған негізсіз мәлімет болып шықты.

Екпеге балама бар ма?
Адамдардың көбі көк түтін будақ­таған қалаға ағылған, ұзақ күн кеңседе отыратын қазіргі заманда жұқ­палы аурумен вакцинасыз күресу қиын. Бір екпе 20 күндік физикалық жаттығудың әсеріндей екенін айтады. Өкініштісі сол жеңіл­дің астымен, ауырдың үстімен жүріп, күнделікті жаттығумен айналысудан гөрі, дерттен дәрі арқылы емделгіміз келіп тұратыны рас. Тіпті бүгінде арықтау үшін түрлі препарат пайдаланатындарды көріп жүрміз. Таза су мен табиғи өнім – ауруға шал­дықпаудың бірден-бір кепілі. Бұған қатысты «Жас-Ай» медици­на­­­лық орталығының директоры Жасан Зекейұлы: «Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымының арнайы эколо­гия­­лық зерттеу департаментінің маман­­­дары әлемнің барлық елінде инфек­циялық ауруларды зерттеуден өткізген. Қорытынды бойынша, балаларды түрлі инфекциядан қор­ғау үшін вакцинаның көмегіне жүгінбей-ақ, таза су, сапалы ас-ауқатпен тамақтандыру арқылы түрлі жұқпалы аурумен күресуге болатынын дәлелдеді. Әрі бұл ғалымдардың айтуларынша, вакцинаға қарағанда әлдеқайда арзан, сондай-ақ өте тиім­ді», дейді. Демек, ішер ас пен дене жаттығу­ларына жеткілікті мөлшерде көңіл бөлу – емхана есігін қақпаудың негізгі жолы. Осы орайда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бабаларымыздың өсиетін қаперде ұстасақ, ұтылмаспыз.
         Салтанат ШЫНӘДІЛ,
        Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті