Руханият • 04 Сәуір, 2019

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі оныншы рет өтеді

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 және 14 сәуір аралығында Алматыда көрерменге француз кинематографиясының ең жаңа жауһарларын ұсынатын, жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалауға шақыратын мерейтойлық оныншы «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді. Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және «қысқа метр» бағдарламасын қамтиды.

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі оныншы рет өтеді

– Қазіргі француз кинематографы бұл өзіндік құндылықтары, өзіндік атмосферасы бар кино, – дейді өнертану докторы, Қазақстанның киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеева. Қазір біз зорлық-зомбылық, кісі өлтіру көп қылмыстық кино дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Ал француз киносы бұрынғыша жанға жылу сыйлайтын күйінде. Және бұл тек комедияларға немесе мелодрамаларға ғана қатысты емес. Биылғы бағдарламада «Аманданың жаңа өмірі» деген драма бар. Онда 24 жастағы жігіт өз әпкесінің өлімінен кейін 7 жасар немере қарындасына бас-көз болып қалады. Бұл осыған дейін тек мансабымен және қыз-қырқынмен қарым-қатынасымен бас қатырған жас жігіттің өмірін баяндаудағы жаңа тәсіл. Күтпеген жерден жас жігіт кішкентай қызға әке де, ана да болуы керек. Маған француз киносының жылулық сыйлайтыны ұнайды. Ең басты ерекшелігі, француз киносында тамаша актерлер ойнайды.  Айтпақшы, биыл көрсетілетін фильмдерде жаңа актерлердің есімдері көп болады.

Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері UniFrance агенттігі мен оның серіктестері – Францияның Қазақстандағы елшілігі және Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған «Арман» киноорталығында өтеді.


АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50