Бангкок шаршы алаңында төмендегі бұрымды боксшыларға сенім артамыз:
48 келі: Алуа Балқыбекова
51 келі: Назым Қызайбай
54 келі: Дина Жоламан
57 келі: Сәния Сұлтанқызы
60 келі: Римма Волосенко
64 келі: Милана Сафронова
69 келі: Дариға Шәкімова
75 келі: Ақерке Бақытжан
81 келі: Фариза Шолтай
+81 келі: Ләззат Күнгейбаева
«Құрлық додасынан бір алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алсақ деген мақсатымыз бар. Негізгі қарсыластарымыз – Қытай мен Солтүстік Корея. Қытайдың соңғы әлем чемпионатында төрт алтын иеленгенін білесіздер. Шаршы алаң иесі саналатын Тайланд қыздарын да есептен шығаруға болмайды. Десе де, біз медаль үшін барымызды саламыз», - дейді бас бапкер.