Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Шымкентте баспана кезегіндегі азаматтар құжаттарын жаңартуы тиіс

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы shymkent.gov.kz хабарлады.

Шымкентте баспана кезегіндегі азаматтар құжаттарын жаңартуы тиіс

Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы тізімінде 2007-2012 жылдары кезекке тұрған, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері және әскери ұйым қызметкерлері санатында 2012-2013 жылдары кезекке тұрған азаматтардың құжаттарын жаңартулары тиіс екенін хабарлаймыз.


Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12А. 1-қабат.


Кезекте тұрған азаматтардың тізімін біздің сайтымыздағы «Қоғам» айдарындағы «Тұрғын үй» бөлімінен таба аласыз (жоғарғы бөлік).