Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қалада күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2 °С, күндіз +13...+15 °С құрайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Ертең, 11 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 °С, күндіз +14...+16 °С шамасында. 

Жұма күні де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Отүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде 0 °С, күндіз +15...+17 °С көрсетеді.