Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Г. Әбдіқалықова Шымкентке жұмыс сапарымен барды

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үшінші мегаполиске келген жұмыс тобын Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастап келді. Жұмыс тобы қалалық орыс драма театры ғимаратында қала тұрғындарымен кездесу өткізді деп хабарлайды shymkent.gov.kz

Г. Әбдіқалықова Шымкентке жұмыс сапарымен барды

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов жүргізген жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К. Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице министрі Л. Ақтаева және көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері - барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамсыздандыру» жаңа әлеуметтік шараларының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Одан кейін сөз алған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев ведомствоның халықтың табысын арттыру және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша қабылдаған шаралар туралы айтты.