Қазақстан • 10 Сәуір, 2019

Максим Споткай: Сайлау билік транзитінің тағы бір маңызды кезеңі болады

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент сайлауы жаңа Мемлекет басшысын мемлекеттік және шетелдік әріптестердің көз алдында, сондай-ақ бүкіл билік үшін заңдылығын айқындайды, деді «Нұр-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Максим Споткай. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Максим Споткай: Сайлау билік транзитінің тағы бір маңызды кезеңі болады

- Бір жағынан біз Сингапур жолымен бара жатырмыз. Жаңа мемлекеттіліктің негізін қалаушы іске кедергі келтірмей, жоғарғы төреші болып табылады. Осы уақыт ішінде барлық атқарушы институттар жұмыс істеудің жаңа режиміне ойысады. Олар жаңа жағдайларда жұмыс істейді. 

Сақтық транзит Қазақстан үшін неліктен маңызды? 30 жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаев жүйелі және негізгі рөл атқарған модель салынды. Сондықтан әркім үшін  үйренуге уақыт қажет. Кез-келген сенімсіздік пайдасыз. Барлығы заңға сай жасалуы керек. 

Президент сайлауы жаңа Мемлекет басшысын мемлекеттік және шетелдік әріптестердің көз алдында, сондай-ақ бүкіл билік үшін заңдылығын айқындайды. 

Барлығымыз үшін осы өтпелі кезеңнен өту үлкен плюс. Әрі қарай сайлауды созудың мәні жоқ. Бұл қоғамды біршама аздап тыныштандырып, бұрын жоспарланған жоспарларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Процедуралық жағынан бәрі анық. Президент Тоқаев Елбасымен, Конституциялық кеңеспен, Парламент палаталарының спикерлері мен саяси партиялардың басшыларымен кеңес өткізгенін айтты. Осыған байланысты шешім қабылдады. Бұл механизм іске қосылып, Қазақстандағы билік ауысуы транзитінің кезекті негізгі кезеңіне айналады. 

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқына үндеу жолдаған болатын.