Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Еріктілер Көктал-1 тұрғын алабындағы гүл бағын жинады

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Біз таза қала үшін» жастар акциясына 30 ерікті қатысты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер Көктал-1 тұрғын алабындағы гүл бағын жинады

«Астана жастары» ресурстық орталығы және Басқару колледжінің «Бригантина» экологиялық-туристік клубы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Біз таза қала үшін» дәстүрлі акциясын өткізді.

 «Дүйсенбі күні студенттер Көктал-1 тұрғын алабында Бабатайұлы көшесіндегі гүл бағының аумағын ретке келтірді. Олар тротуарлар мен көгалдардағы қоқыстарды жинап, қоршауларды хабарландырудан тазартты», –  деп мәлімдеді «Астана жастары» орталығында. 

Акцияға 30 ерікті қатысып, 20 қап қоқыс жинады.