«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеу барысында Мемлекет басшысы 2019 жылғы 9 маусымды Қазақстан Республикасы президентін сайлау күні деп белгіледі. Бұл – біздің еліміздің дұрыс саяси жолын растайтын уақытылы шешім.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында біздің ортақ міндетіміз – мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау, экономикалық және саяси билікті нығайту.
Елбасының дана саясатының арқасында біз әлемдік деңгейде еркін бәсекелесетін беделді мемлекет құрдық. Әлеуметтік бағдарламалар мен Елбасы стратегиясын тиімді, табысты іске асыру жөніндегі жұмыс жаңа күшпен жүзеге асырылады.
Этносаралық және конфессияаралық келісу саясаты қазақстандықтардың бірлікте жаңа болашақты таңдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы – тұрақтылық пен гүлдену жолына қойылған халықтың еркі.