Руханият • 11 Сәуір, 2019

Қытай әдебиетінің жауһарлары қазақ тіліне аударылды

1284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы «Ан Арыс» баспасы осыдан екі жыл бұрын, "Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасының Ұлттар Баспасымен тығыз әріптестік байланыс орнатып, әдеби аударма бағытында бірлескен жобаны қолға алған болатын.

Қытай әдебиетінің жауһарлары қазақ тіліне аударылды

Осы жоба нәтижесінде қытай әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: 1. Ба Цзиннің «Әулет» романы (ауд. Дүкен Мәсімханұлы); 2. Мао Дунның «Түн» романы (ауд. Дүкен Мәсімханұлы); 3. Лао Шэнің «Түйе Шияңзы» романы (ауд. Қалбан Ынтыханұлы); 4. Шэнь Цуңвэннің «Шалғайдағы шаһар» повесі (ауд. Қалбан Ынтыханұлы) қытай тілінен тікелей қазақ тіліне аударылып, жарық көрді. Алдағы 18 сәуір күні Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында осы кітаптардың тұсаукесер рәсімі өткізілмек. Шараға Қытай елінен баспа басшылары мен айтулы қаламгерлер келеді деп күтілуде. Тұсаукесер кешін ақын, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин жүргізеді. Шара ҚР Ұлттық кітапханасы, Нәзира Дәулетова атындағы залда сағат 15.00де өтеді.

АЛМАТЫ