Сайлау • 12 Сәуір, 2019

Қоғамдық ұйымдар қолдайды

1070 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскеменнің қоғамдық ұйымдарының өкілдері шаһардағы Талдау және болжау институтында бас қосып, кезектен тыс президенттік сайлаудың өтуін қолдайтындықтарын жеткізді.

Қоғамдық ұйымдар қолдайды

«Бұл шешімді ел дамуындағы саяси маңызы жоғары қадам деп білемін. Біз алдағы уақытта өтетін президент сайлауына атүсті қарамауымыз керек. Өйткені қазір әлемде күн са­йын әртүрлі өзгерістер болып жа­тыр. Тіпті экономикалық тұрақ­сыз­дық белең алып жатқан елдер де бар. Сол себептен біз осындай сын сағатта келесі Президентімізді сай­лап, іргемізді бекітіп, береке-бір­лі­гі­мізді танытқанымыз абзал. Оның үс­тіне, саяси науқанның әділ әрі ашық түрде өтуіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі кепілдік бере­тінін айтып өтті. Болашақ Прези­денттің елдегі бейбітшілік пен тұрақ­т­ылықты сақтауға, сондай-ақ қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының жақ­са­руы, қоғамдық тұрақтылық мәсе­лелерін шешуге баса назар аударатынына сенімдіміз», дейді Өске­мен қалалық ақсақалдар кеңесі­нің мү­ше­сі, жергілікті өзін-өзі басқа­ру коми­тетінің төрағасы Серік Оразбайұлы. 

Дөңгелек үстел барысында қо­ғам­дық ұйым өкілдері еліміздің Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың ел іргесін бекіту, қоғам­дық тұрақтылық қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жасаған еңбегіне лайықты баға беріп, болашақ Президенттің де осы сара жолды жалғастыруға ла­йық­ты тұлға болғандығын қалай­тын­дықтарын білдірді. «Біз тағы бір тарихи оқиғаның куәсі бол­дық. Қа­за­қстан билігінің еш кикіл­жің-жан­жалсыз, дау-дамайсыз ауыс­қа­ны елдің татулық пен берекеден айы­рыл­маған, бірауызды әрі тыныш­тық сүйгіш мемлекет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұны әлем мо­йын­­дап, ризалықпен атап айтуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пре­зи­дент сайлауының жақын уақытқа, 9 мау­сым­­ға белгіленгенін кәсіпкерлер пала­та­­сындағы іскер әйелдер де құптай­ды», дейді облыстық кәсіп­кер­лер палатасындағы іскер әйел­дер кеңесінің төрайымы Елена Березин­ская-Абилова. 


ӨСКЕМЕН