Спорт • 12 Сәуір, 2019

Нысана көздеуден «Алтын Мерген» халықаралық турнирі аяқталды

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте нысана көздеуден өтіп жатқан «Алтын Мерген» халықаралық турнирінде аралас командалық бәсеке аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Нысана көздеуден «Алтын Мерген» халықаралық турнирі аяқталды

Пневматикалық тапаншамен атудан Рашид Юнусметов пен Ирина Локтионоваға тең келер ешкім болған жоқ. Финалда олар 471,5 ұпай жинады. Екінші орынға 465,1 ұпаймен Максим Мазепа және Юлия Комендра жұбы жайғасты. Үшінші орында Владимир Исаченко мен Ольга Аксенова. 

Пневматикалық винтовкамен атуда Елизавета Король мен Юрий Юрков 492,3 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орында Богдан Сейітжанов пен Елизавета Пушкарева. Үшінші сатыда Анастасия Москвичева мен Кирилл Кузьмич.