12 Маусым, 2012

Басты назарда – қауіпсіздік

444 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Басты назарда – қауіпсіздік

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:21

ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Жанат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН әңгіме

– Жанат Қуанышұлы,Мемлекет басшысыНұрсұлтан НазарбаевҚазақ­стан­ның құқыққорғау жүйесінреформалау мәселелерінеарналған кеңесте ішкіістер органдарыноныңішінде көліктегі ішкі істероргандары жүйесін оңтайландыруқызмет беделін көтеру жөнінденақты тапсырма бергені белгіліОсы тұрғыда қандай жұмыстаратқарылды?

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:21

ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Жанат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН әңгіме

– Жанат Қуанышұлы,Мемлекет басшысыНұрсұлтан НазарбаевҚазақ­стан­ның құқыққорғау жүйесінреформалау мәселелерінеарналған кеңесте ішкіістер органдарыноныңішінде көліктегі ішкі істероргандары жүйесін оңтайландыруқызмет беделін көтеру жөнінденақты тапсырма бергені белгіліОсы тұрғыда қандай жұмыстаратқарылды?

– Қазақстандық құқық қорғау жүйесінің одан әрі дамуының негізгі көреткіші – ол әрбір полиция қызметкерінің атқарған жұ­мысының статистикалық деректермен емес, қоғамның көзқарасымен бағала­нуында. Елбасы тапсырмаларын орындауда Көліктегі ішкі істер департаментінде де жоспарлы әрі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрынғы Көліктегі Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Ор­та­лық ІІД Көліктегі ішкі істер департаменті болып қайта құрылғалы бірталай шаралар қолға алынды. Департамент қызметкер­лерінің басты міндеттері темір жол вокзалдары мен әуежайлардағы қауіпсіздікті қам­тамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзу­шылықтарды анықтау, жолын кесу және ескерту іс-шараларын жүзеге асыру, қызмет көрсету аумағында қоғамдық бірлестіктер ұйымдастырған литерлік іс-шараларды өт­кізу, жолаушылар пойыздарын шығарып салу, сондай-ақ шет мемлекеттер басшы­лары­ның, шетелдік басқа да саяси және мемлекет қайраткерлерінің Қазақстанға сапары кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақта­луын қамтамасыз ету болып табылады.

Тәуелсіз еліміз полициясына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында көлік по­лициясының дамуы мен қалыптасуы бір­неше кезеңдерден өтті. Отанымыздың ты­ныш­тығын сақтауда қыруар жұмыстар атқа­рылды. Оның ішінде Көліктегі ішкі істер департаментінің де қосқан үлесі бар. Білікті, тәжірибелі қызметкерлерден құралған департамент ұжымы өз қызметтерін адал атқаруда.

– Көліктегі ішкі істер департаментінде кадрларды жасақтау, жас қызметкер­лерімен жұмыс қандай деңгейде?

– Биыл департаментке ішкі істер оқу орындарын бітірген 20 жас маман келмек. Мәселен, 2011 жылы 82 жас қызметкер ке­ліп, олардың әрқайсысына тәжірибелі қыз­мет­керлер тарапынан тәлімгер тағайын­дал­ды. Сонымен қатар, ардагерлер тобынан тәлім­герлер резерві құрылды. Жас мамандармен, жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйым­дастыру, кадрлық қамтамасыз ету, тәр­тіпті және заңдылықты сақтау бағытында департамент бұйрығымен құрылған қо­ғамдық бірлестіктер, офицерлер, полицейлер жиналысы, тәлімгерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі оң ықпалын тигізуде.

Жас мамандарға қатысты айта кетер бір жәйт, қазіргі күні елімізде көліктегі ішкі істер органдары үшін мамандар дайындайтын білім ордасының жоқтығы. Кеңес өкі­меті кезеңінде Ресейдің Могилев қаласында арнайы мектеп болды. Онда көліктегі по­лицейлерді даярлайтын жақсы база қа­лыптасқан еді. Көлік сала­сындағы жұмыс аумақтық ішкі істер, жол полициясы сынды салалардан өзгеше. Мұндағы орын алып қалатын қылмыстар мен құқық бұзушы­лықтардың да төркіні бөлек. Осы үшін көлік полицейлерін дайындайтын арнайы мектеп керек-ақ.

– Көліктегі ішкі істер департаментінде қандай жаңашылдықтар орын алды? Жолаушылар көліктеріндегі полицейлер мен халықтың қарым-қатынасы туралы не айтар едіңіз?

– Өткен 2011 жылы көліктегі полицейлерге арналып жаңа киім үлгісі енгізілді. Жолаушылар пойыздарында жолаушылармен ынтымақтастық арта түсті. Осы сөзі­мізге дәлел ретінде жолаушы пойыздарында өт­кізілген «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбы­лықсыз 16 күн», «Қауіпсіз балалық шақ», «Қоғамдық қабылдаулар» сынды шараларды атай аламыз. Олардың өткізілуі барысында көліктегі полицейлер жолаушылармен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың жағдайларын біліп, проблемаларына құлақ асты.

Ал жаңашылдықтарға келер болсақ, көлік полицейлері тағы да бір жаңа технологияны қолданысқа енгізбек. Құқық қорғау органдарындағы электронды көмекшілер бүгінгі таңда көлік қозғалысын жіті бақы­лауға және жол бойында құқық бұзушы­ларды ұстауға, жалпы іс-шараларды жүзеге асыруға, сонымен қатар бұзақылар мен ұрыларды іздестіруде көп көмегі тиері хақ. Біз жаңа технологияны алғашқылардың бірі болып пайдалана бастамақпыз.

– Елбасының Қазақстан халқына Жол­дауында атап өтілгендей, 2012 жыл­дың 1 шілдесіне дейін республиканың құқық қорғау және арнайы қызметтері қайта аттестаттаудан өткізілмек. Осы жөнінде айтып берсеңіз.

– Елбасының құқық қорғау орган­дары­ның қызметкерлерін аттестаттау туралы шешімі қолдауға тұрарлық. Бұл шара құқық қорғау органдарының қатарын сапалы кадр­лық жаңартуға, осы арқылы полицияға кездейсоқ келген адамдарды анықтауға мол мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде полиция жұмысы са­па­сының артып, қылмыстарға қарсы күресте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе алаты­нымызға кепілдік болмақ. Құқық қорғау органдарын кезектен тыс ат­тес­таттаудан өткізуді жүзеге асыру үшін ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті қызу дайындық шараларын жүзеге асыруда. Кесте бойынша департамент басшылығы аттестаттаудан Ішкі істер министрлігінде, ал жеке құрам тікелей өзі қыз­мет атқаратын мекемеде өтеді. Жергілікті жерлердегі басқармалар мен дербес бөлім­дер­дің жеке құрамын департамент қызметкер­лерінен құралған арнайы топ тексереді.

– Ашылған ірі қылмыстар туралы не айтар едіңіз?

– Ондай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Жуырда Астанада телефон лаңкес­тігіне қатысты қылмыс ашылды. Түнгі сағат 12-де шырылдаған телефон қоңырауы Астана халық­аралық әуежайын дүр сілкіндірді. «SIP» залының қызметтік телефонына бейтаныс еркек қоңырау шалып, «Жанна» есімді қызды телефонға шақыруды өтінді. Теле­фонға жауап берген тексеріп өткізу қызме­тінің инспекторы «Жанна жоқ» деп жауап бергенде, бейтаныс адам таңертең ұшатын Алматының рейсіне жолаушыны ресімдеп, орын алу үшін телефон шалғанын айтқан. Содан кейін сол рейспен қызыл көйлек киген, Мэрилин Монроға ұқсас қыз бала «шахид белдігімен», яғни «қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен» лаңкестік жасау мақсатында Алматыға ұшатынын хабарлап, оны рейске жібермеу керектігін айтты.

Сол мезеттен бастап Астана қаласы әуе­жайындағы ЖПБ, Астана қаласының ҰҚК, Астана қаласы ІІД Экстремизмге қар­сы күрес басқармасы, Көліктегі ІІД Экстремизмге қар­сы күрес басқармасы, Киноло­гиялық қыз­меттердің жеке құрамдары дабыл бойынша көтерілді. Ақпарат ЖПБ қыз­меткерлері тарапынан мұқият тексерілді. Әуе­жайдағы жолаушылар мен қызмет­кер­лердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса­тында өткізу тәртібі мен жүк тексерісі кү­шейтілді. Әуежай аумағы мен ғимараты бақылауға алынды. Астана әуежа­йындағы желілік полиция бөлімінің қызмет­керлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны Д. деген азамат құрықталды. Ол Астананың бір мейрамханаларында таныстарымен көңіл көте­ріп отырады. Әңгіме арасында отырғандар­дың бірі өзінің таңертең сағат 7-де Алматыға ұшатынын айтады. Ішім­дікке қызған Д. сен ешқайда ұшпайсың, менің әуежайда таныс­тарым бар, деп өз ұялы телефонынан әуе­жайдың «SIP» залының қызмет­тік телефонына қоңырау шалады. Таныс адамын сұрап, ол жұмыста болмаған соң, лаңкес­тік актісі туралы жалған хабар айтқан. Ұстал­ған күдікті өз кінәсін мойындамаған. Бірақ қылмыстық істің деректері бойынша кінәсі дәлелденіп, ҚК 242-бабы бойынша қылмыс­тық іс қоз­ғалды. Ол 7 жылға дейін бас бос­тандығынан айырылуы мүмкін.

– Көліктегі ішкі істер департаментінде Мемлекеттік тіл және ақпарат басқар­масы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру мақсатында басқарма елеулі жұмыстар да атқаруда. Осы істе әлі де болса шешім таппаған қандай түйіндер бар?

– Өзін елінің патриоты санайтын әр қа­зақстандық мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін жетік білуі керек. Әсіресе, Қазақстанда жүріп, ел азаматтарын қорғауға ант берген құқық қорғау органдарының қызметкер­леріне мемле­кеттік тілді білмеу үлкен сын. Қызмет­кер­лердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында Көліктегі ішкі істер депар­та­ментінде мемлекеттік тілді оқып-үйре­ну бойынша жартыжылдық оқу кестесі белгі­ленген. Жуырда 2012 жылдың 1 ақпа­нынан бері оқу жылының екінші жарты жылында өткен сабақ қорытындысы шыға­рылды. ІІЖБ қызмет­кер­лерін қосқанда, бар­лығы 1722 қыз­мет­кер мем­ле­кеттік тілді жетік меңгеріп шықты.

Қандай салада болмасын кез келген мәсе­ленің бірінші басшының ықпалымен шеші­ле­тіні жасырын емес. Сондықтан қазақ тілі туралы сөз қозғағанда қазақ тілінің тағ­ды­рын шешетін жерлерге басқа ұлт өкілдері болса да қазақ тіліне жаны ашитын адамдарды тағайындау керектігін үнемі есте ұстау қажет.

Әңгімелескен

Даниел ШАЙЫНҒАЗИН,

 ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің инспект