Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Жамбыл өңірінде заңсыз балық аулаушылар ұсталды

1049 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «НЕРЕСТ» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларымен бірлесіп, Аса өзенінен заңсыз балық аулаған екі азаматты ұстады.

Жамбыл өңірінде заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталғандар су жануарларын жаппай жоятын, заңмен тыйым салынған ток арқылы жұмыс істейтін қармақты пайдалана отырып, балық аулаған. Нәтижесінде жалпы салмағы 177 келі болатын балық, резеңке қайық және арнайы қолдан жасалған электрлі қармақ  тәркіленді. Қазіргі таңда жергілікті полиция мекемесі Жамбыл ауданының полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 2,4-тармақшаларымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде екенін айтты.

 

Жамбыл облысы