29 Қыркүйек, 2012

Құжаттан кеткен қателік жүрекке қаяу түсіріп тұр

434 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құжаттан кеткен қателік жүрекке қаяу түсіріп тұр

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:08

Көрші Өзбекстаннан ата­жұр­ты­мызға көшіп келгенімізге көп жыл­дың жүзі болды. Мақтаарал ауданы, Атакент ауылына қоныстандық. Бі­реу­ден кем, біреуден ілгері, әйтеуір, ел қатарлы тіршілік көшін жалғас­ты­рып келеміз. Жат жұртта қалып кетпей, Отанымызға оралуға жағдай жа­са­ған Елбасымыз Н. Назарбаевтың сая­­са­ты­на мың алғыс. 2006 жылдың маусым айында азаматтық алып, осы елдің толыққанды бір мүшесі екенімізді сезініп, бақыттан басымыз ай­налды.

Менің айтайын дегенім, қызым Жанар Тастанова Өзбекстанда туға­ны­мен, бірінші сыныптан бастап №11 Мақтаарал орта мектебінде оқыды. Биыл сол мектепті бітіріп, ҰБТ-да 100 балл жинап, арнайы сертификат алды. Сөйтіп, Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қоғамдық медицина бөліміне оқуға түсті. Қы­зым­ның аты-жөні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ҰБТ қоры­тын­дысында да жарық көрді. Әйтсе де үй-ішімізбен алақайлап, бөркімізді аспанға атқан осы қуанышты жағ­дайдың бір кілтипаны болып тұр.
Қызым жеке куәлігін биылғы жыл­дың 19 наурызында алды. ҰБТ-ға да, одан кейін болған конкурсқа да осы жеке куәлігі бойынша қатысты. Бірақ, неге екені белгісіз, ҰБТ-ны өткіз­ген­дер құжатты қызымның туу туралы куәлігі бойынша толтырып, соның салдарынан Жанарды «Ауыл квота­сына» емес, «Оралман квотасына» енгізіп жіберген. Мүмкін, оқырмандар «Жанар қай квота бойынша оқыса да бәрібір ғой, әйтеуір, жоғары білім алып шықса болды емес пе?» деп ойлайтын шығар. Бірақ, бүгінде осы қателіктің азабын біз тартып жүрміз. Университет басшылығы «Оралман квотасында білім алу үшін әке-шешеңнің біреуінде Өзбекстанның төлқұжаты болуы керек» деген талап қойып отыр. Ал жұ­байы­мыз екеуміз Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның  аза­мат­тығын 2006 жылы ал­ғаны­мызды жо­ғарыда айттым.
Сонымен, «қызымыз грантпен оқу­­­ға түсті, енді жоғары білім ала­тын болды» деп қуанып жүргенде, оның аяғы осылай болды. Шынын айту керек, бұл жәйт жүрегімізге қаяу тү­сірді. Балы толмай, білімі жет­пей қал­са бір сәрі, біреулердің салғырт­ты­ғы­нан құжаттан кеткен қа­теден қызым қалайша далада қала­ды?! Осы мәсе­леге еліміздің Білім және ғылым министрлігі назар ауда­рып, мәселені оң шешіп береді деген үмітім бар.
Байзақ  БЕГІМБЕТОВ.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы.