07 Қараша, 2012

Өшпес ерлік

1320 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Өшпес ерлік

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:29

Орал қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова музей-үйінің директоры Светлана Бектеновамен әңгіме

Осыдан отыз жыл бұрын Орал қа­ласында шығыс қыздарының арасынан шық­қан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәме­тованың ме­мориалдық музей-үйі ашылды. Әрі бұл дата батыр қыздың туғанына алпыс жыл толуымен тұспа-тұс келді. Мұнда 1932-1934 жылдары Мәметовтер отбасы тұрған. Оған Мәншүкке қатысты әр жыл­дардағы фотолар мен құжаттар, Мәметовтер отбасының жеке тұтынған заттары қойылған.

 

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:29

 

Орал қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова музей-үйінің директоры Светлана Бектеновамен әңгіме

 

Осыдан отыз жыл бұрын Орал қа­ласында шығыс қыздарының арасынан шық­қан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәме­тованың ме­мориалдық музей-үйі ашылды. Әрі бұл дата батыр қыздың туғанына алпыс жыл толуымен тұспа-тұс келді. Мұнда 1932-1934 жылдары Мәметовтер отбасы тұрған. Оған Мәншүкке қатысты әр жыл­дардағы фотолар мен құжаттар, Мәметовтер отбасының жеке тұтынған заттары қойылған. Сонымен бірге, 1993 жылдың 22 маусымы күні атал­ған мемориалдық музейдің жанынан «Мәншүктің өшпес ерлігі» атты қайталанбас тамаша диорама жасақталды. Бұл республикамызда ешқандай баламасы жоқ өнер туындысы болып табылады. Диораманың авторы Мәскеу қаласындағы Г.Греков атындағы әскери студияның суретшісі – Михаил Ананьев. Осы арада М.Мәметова музей үйі­нің ашылуына қолдау көрсеткен сол кездегі облыс басшысы, ұлттық намысты ту етіп көтере білген азамат, марқұм Мұстақым Ыхсанов екенін де айта кеткенді жөн көреміз. Соңғы жылдардың жүзінде музей үйдің директоры қызметін «Шапағат» медалінің иегері, мәдениет қайраткері, Мәншүктің артында қалған жәді­герлердің жоқтаушысы С.С.Бектенова атқарып келеді. Онымен әңгіме төмендегіше өрбіді.

– Светлана СаржанқызыМән­шүк­тіңата-анасытума-туысқан­да­рыолар­­­­­­дыңтағ­ды­рыбатыр қыздың оқыған жері,соғысқа қалай аттан­ға­ны жөнінде музейдеқандай деректер бар?

– 1983 жылы музейге қатыс­ты мә­селемен алғаш рет Алма­тыға жолым түсті. Сол кезде Мән­шүктің анасы Әмина Сү­лей­менқызына арнайы барып жо­лы­ғып тұңғыш экспонаттарды алуға қол жеткіз­дім. Бұлар Мәншүктің тіккен кес­телері мен салған суреттері, оқыған кітап­тары, майданнан елге жолдаған хаттары және XIX ғасырдың аяғында Тулада жасалған самаурын еді. 1932-1934 жылдары Орал қаласында тұрған кезде Мә­метовтер отбасы осы самаурыннан шәй ішіп, қонақ­тарын күткен екен. Мәншүкті тәрбиелеп өсірген әкесі Ахмет Мәметов қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы жайсаң жанда­рының бірі болған. Ол домбырамен күй тартып, ән сала білген. Сол кезде оның жанынан тұлымшағы желбіреген өрімтал қыз Мәншүк бір елі қалмапты. Ол әкесін айрықша жақсы көріп, оған әр кез сый­ластықпен қарай білген. Бір қы­зы­ғы дәл сол кезде Мәншүк Ахмет Мә­метұлы өзінің асырап алған әкесі екенін білмеген.

Ерлі-зайыпты Ахмет пен Әмина өз заманының оқыған, тоқыған, көкірек көз­дері ояу зиялы адамдары атанған. Олар жи­ырмасыншы жылдардың екінші шире­гінде араға бір жыл салып Чернышевский атын­дағы Саратов универси­тетін бітірген. Сөйтіп, бірі мүғалім, екін­шісі дәрігер мамандығын алып шығады. Содан кейінгі жылдарда жоғарыда ай­тыл­ғандай екеуі Оралға келіп бас қосып бүгінде музей орналасқан Нариманов көшесіндегі № 51 үйде тұрған. Бұл қазақ даласында аштық пен жалаңаштық көрі­ністері басталған кез еді. Әйел аналар өз құрсағын жарып шық­қан сәби­лерін тамақ­тандыруға шамалары жет­пейтін. Ел-жұрт аман қалудың амалдарын іздеп аласұрды.

Осы бір қатыгез жылдарда Ахмет пен Әминаның Ордаға жолы түседі. Мұнда олар туысқандары Қанат және Жеңсікәлі мен Тойылша Әлиевтермен жолығып олар­мен сыр бөліседі. Осындай кездесу сәтінде Әминаның көзі сыртқы түрі Ахметке өте ұқсас шынашақтай ғана Мән­сия есімді қызға түседі. Ол оған бірден ұнайды. Сөйтіп, оны асырап алу жөнін­дегі ойын еріне жеткізеді. Бұл ұсынысқа Мәнсияның туған ата-анасы Жеңсікәлі мен Тойылша да қарсы бола қоймайды. Осылайша төрт жасар қыз өз перзенттері жоқ Ахмет пен Әминаның тәрбиесі мен қамқорлығына алынады. Әрине, екі ба­ланың ортасындағы жалғыз қызы Мән­сиямен тірілей қоштасу олар үшін оңайға соқпайды. Тек оның болашағы үшін ғана амалсыз келісуге тура келеді. Кейін Ахмет пен Әмина қыздарының Мәнсия деген атын сәл ғана жұмсартып Мәншүк деген есіммен атай бастайды. Әрі оны өздерінің фамилиясына кө­шіреді. Дегенмен, әкесі­нің атын өзгертпей сол күйінде қалдырып Жеңсікәліқызы атандырады.

Мәншүк мектеп табалдырығын Ре­сей­дегі Саратов қаласында аттайды.Төр­тінші класқа көшкенде Орал қаласына ауыстырылады. Музей үй экспозиция­ла­рының елеулі бөлігі М.Мәметованың осы алаң­сыз балалық шағына арналған. Оның сол кездегі ұстазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мүғалімі Валентина Зайцева 1982 жылы Оралда шәкір­тінің музей үйі ашыл­ған кезде қоғамдық қызметтен қала қой­маған-ды. Ол мемо­риалдық музейдің ашыл­ған күнінен бастап оның қалып­тасуына сүбелі үлес қосты. Мұнда тәлім­ді де тағылымды іс-шаралардың өткі­зілуіне бастамашы болды. Музей қо­рын­да В.Г.Зайцеваның қолжазбалары мен жеке құжаттары, естеліктері мен фотолары мұ­қият сақтаулы тұр.

1934 жылдың жазында Ахмет пен Әмина Мәметовтер білікті де іскер кадрлар ретінде республиканың астанасына шақырылады. Бұл кезде Мәншүк Алматы қаласындағы №28 мектепте оқуын одан әрі жалғастырады. Оның класс жетекшісі София Савина кейін шәкірті мектеп бі­тіріп кетсе де қамқорлығын үзбейді. Бұл кезде Мәншүктің әкесі Ахмет «халық жауы» ретінде тұтқынға алынған еді.

Соғыстың алдында Мәншүктің бола­шақ тағдыры күрделене түсті. Анасы Әминаға «халық жауының» әйелі деген айдар тағылып, ол дүркін-дүркін жауапқа алынды. Мәметовтердің бұрынғы аралас­қан дос-жолдастарының бірқатары олардан сырт айналып кетті. Әкесінің абақ­тыға қамалуы Мәншүкті қатты қамық­тырды. Соның өзінде де ол бордай езіліп кетпей, қолды-аяққа тұрмай зыр жүгіріп қаралаушы органдарға шағымданып, қа­натымен су сепкен қарлығаштай әкесінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты. Өкі­нішке қарай оның бұл қам-қарекетінің бәрі зая кетті. Сөйтіп жүргенде қаһарлы 1941 жыл да келіп жетті. Соғыс басталды. Бұл кезде Мәншүк он сегізге толған-ды. Қым-қуыт уақыт оны тез есеюге мәжбүр етті. Көп кешікпей ол майданға өз еркімен аттанып, неміс фашистерімен соғысу жө­нінде шешім қабылдайды. Осылай істесе әкесі Ахметті әділетсіз­діктің торынан құтқарып қалатындай әсерде болды. Өйт­кені, дәл осы кезде халық арасында «Егер «халық жауының» балалары отанды қорғауға аттанса, онда олардың ата-аналарына кешірім жасалады» деген қаңқу сөз таралып кеткен еді.

Бұл шақта әйелдерді соғысқа алу жө­ніндегі КСРО үкіметінің нұсқауы жоқ болатын. Сондықтан да Мәншүк Мәметова әскери комиссариаттан өз өтінішінің орын­далуын жылға жуық уақыт бойы кү­тіп қалады. Тек содан кейін ғана қазақтың қаршадай қызы көйлегін гим­настеркаға, туфлиін керзі етікке айыр­бастауға, туған жерінен мыңдаған шақы­рым жерде от пен оқтың ортасына кіруге рұқсат алады. Осы­ның өзі Мәншүктің алғашқы ерлігі еді.

1942 жылдың он үш тамызы күні Қазақстанның астанасы Алматыда қазақ­тың жүзінші жеке атқыштар бригадасын жасақтау ісі басталады. Бұл Ұлы Отан со­ғысы кезінде құрылған бес қазақ ұлттық бірлестігінің бірі болатын. Бригада түгел­дей дерлік қазақ жауынгер­лерінен жасақ­талғаны қаһарлы жылдар тарихынан мә­лім. Аталған бригада 1942 жылдың 25 қарашасы күні 39 армия құрамында бірін­ші рет ұрысқа кіреді. Үлкен күш-жігер сонымен бірге аз шығынмен бригада Калинин облысын­дағы тоғыз деревняны жау құрсауынан босатады. Бұдан кейінгі ара­лықта қауіп-қатерге, сондай-ақ қор­ғаныс пен ша­буылға толы ұрыстар 1943 жылдың басында Великие Лукиде жалға­сады. Міне, соғыс тарихында өз орны бар белгілі бригада қатарында шығыс қызда­рының арасынан шыққан жарық жұлдыз Мәншүк Мәметова да бар еді.

– Орал өңірінде Мәншүкті көргенсоғысқа бірге қатысқан замандасқұр­былары болып па едіМәншүк музе­йінің жанынан құрылған«Майдангер әйелдер» клубы арасында оны білетін­дер бар деп естіпедімӨмірден өткен қазақтың партизан қызы «Майдангер әйелдер»клубының жеке дауыстағы әншісі болған Нұрғаным Бәйсейітова даМәншүкпен қарым-қатынаста бол­ған екен деген әң­гіме шындыққақан­шалықты жанасымды?

Облыс аумағында тікелей осы топы­рақтың төл перзенті Мәншүкпен қатар соғысқа кірген оның қаруластары жоқ. Алайда музей деректері батыс­қазақ­стан­дық майдангерлер Кенжеғали Құттығұ­лов пен Филип Зямзин 1942-1944 жылдары Мәншүкпен жүзінші қазақ атқыштар бригадасы құрамында Псков жерінде қанат­тас соғысқанын айғақ­тайды. Әрине, олар өздерінің жерлесі, батыр қыз Мән­шүктің өшпес ерлігі жө­ніндегі хабарларға жақсы қанық болған. Алайда, онымен көзбе-көз, жүзбе-жүз кездеспеген. Бұлай бола­тын себебі, Псков бойындағы қиян-кескі ұрыс­тар оның барлық ендіктерінде жүріп жат­қан еді. Оның үстіне Мән­шүктің бригадасы бекінген Зайванье деревнясы Псков­тың батыс бөлігінде орналасты.

Ал біздің әйгілі партизан апамыз Нұр­ға­ным Бәйсейітованың Мәншүкпен қан­дай қарым-қатынасы болды деген сауа­лыңыз­дың төркініне келсек, мұның мәні­сі төмен­дегідей. Ол кісі өзіңіз айт­қандай, өмірінің соңғы күндеріне дейін «Майдангер әйел­дер» клубының белсенді мүшесі әрі жеке дауыстағы әншісі болды. Атал­ған клуб М.Мәметова музейінің жанынан 1989 жылы құрылды. Мәншүк пен Нұрға­ным есімдерін біріктірер жайттарға келсек, екеуі де Нарын құмында өмірге қатар келген. Әйтсе де олар соғыс кезінде бір-бірімен таныс болмаған.

Дегенмен, соғыс аяқталған соң 1946-1947 жылдары Нұрғаным Бекенқызы подполковник, жүзінші атқыштар брига­дасы­ның бірінші комиссары, соғыстан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты бол­ған, Қазақ КСР Ғылым академия­сы­ның академигі Сақтаған Бә­йішевпен кез­десіп, Мәншүктің ерлігі мен ұрыс да­ласындағы батыр іс-қи­мылдары жөнін­дегі жан-жақты деректерге қанығады. Олар­дың соғыстағы тағдыры да бір-біріне ұқсайды. Мәншүк орыстың Псков жерін жаудан қорғаса, Нұр­ғаным Белоруссия ормандарында дұш­пан бе­кініс­терін жермен-жексен етуге қатысты.

– Соңғы кезде мемориалдық музей қандай экспонаттарментолықты­рыл­дыМәншүктің ерлікпен қаза тапқан жері Невельқаласымен байланыста­рыңыз бар маНевельде де Мәншүкке ескерткішқойыл­ған ғойОның кү­тім­ге алынуы қалай екенОсындай екі жақ­тыбайланыстар туралы айтып берсеңіз?

– Бүгінгі күні музей экспонаттары не­гізінен әскери мазмұндағы құнды­лық­тармен толықтырылуда. Мысалы, 2010 жылы жеңістің 65 жылдығы құр­метіне Ржев қаласында осы шаһарды азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешен ашылды. Оның ашылу рәсіміне бару үшін Қазақ­станнан арнайы «Жеңіс пойызы» ұйым­дастырылды. Делегация құра­мында Ржев­те болған ұрысқа қатысу­шылар Кә­кен Әбенов пен Сұлтан Жиенбаевтар бар болатын Арнаулы пойыз сапарға 2010 жылғы желтоқсанның 7-і күні таңғы сағат сегізде аттанды. Айтайын дегенім, жүзінші бригада құра­мындағы бұрынғы майдангерлерге соғыс кезіндегі әскери техниканың баға жетпес құнды экспонаттары – пулемет ленталары, «Максим» пу­леметінің қондырғы­лары мен жекелеген бөлшектері, Кеңес жауынгерінің каскасы сыйланып, мұның бәрі кейін аталмыш пойызбен елордасы Астанаға жеткі­зілген. Міне, осы аса құнды жәдігерлерді аттай қалап М.Мәметованың музейіне жет­кізу­дің сәті түскені қандай ғанибет. Мұның бәрі бүгінде әскери жылдардың көрінісін бейнелейтін тарихи туындылар болып табылады. Музейдегі отызыншы жылдары тұрмыста қолданылған Мәме­товтер от­басының қайшысы да көзге тым ыстық көрінеді. Мәншүктің қолы кесте, киім тігуге епті болған екен.

Әрине қазақтың батыр қызы мәңгі дамылдап жатқан Невель қаласымен тығыз байланысымыз бар. Оған талай рет жолымыз түсті де. Бұл қаладағы орта мектеп­тің бірі М.Мәметованың атында. 1979 жылы Невельде Мәншүкке ескерт­кіш орнатылды. Оның ашылу рәсіміне сол жылы Мән­шүктің анасы Әмина да қатыс­қаны жөнін­дегі дерек музейдің көрнекі жеріне қо­йыл­ған. Осы жылдарда Мән­шүк­тің сүйегі екінші рет қайтадан жерленген еді. Мұ­ның мәнісі мынада. 1943 жылдың 15  қазанында болған қиян-кескі ұрыстар кезінде Мәншүк өзінің көп ұлтты көпте­ген қарулас­тарымен бірге ерлікпен қаза тапты. Сол күні олар Невельден 25 шақы­рым қашықтықтағы Заиванье деревня­сының түбіндегі төбеге жерленген екен. 1944 жылдың бірінші наурызы күні Мән­шүк Мәметоваға осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Арада көп жыл өткен соң жетпісінші жылдардың аяқ кезінде өңір басшысы Невель қаласының орталығында оны азат ету кезінде қаза тапқан боз­дақтар­дың құр­метіне «Батырлар кешені» мемориалын ашу жө­нінде шешім қабылдайды. Олар­дың арасында Мәншүк Мәметова, Ибрайым Сүлей­менов, Әбілхайыр Баймолдин секілді қазақ­стандық жауынгерлер де бар еді. Мән­шүктің сүйегінің Невель қала­сының орта­лығына қайта жер­ленуінің мәнісі осындай.

– Мәншүк жөнінде бұған дейін айтылмай келген қандай да бір болмасынтың деректер бар ма?

– Музей үйдің көрнекі жеріне сонау отызыншы жылдардың бас кезінде Мән­шүкке оның тума-туысқандары сый­лаған қамшы тұр. Бұл жөнінде бізге бір жолы Мәншүктің анасы Әмина Сүлейменқызы әңгімелеп беріп еді. 1932 жылы Мәншүк Оралда тұратын әке-шешесімен бірге өзінің туған жері Ордаға барады. Сонда ол өзімен қатарлас ауыл балаларының тайға мініп құйғытып жүргенін көреді. Сол сәтте бұған дейін атқа отырып көр­мегеніне қарамастан, он жасар қыз тайсалмай қайсарлық мінез көрсетеді. Онымен қоймай тай үстінде олар­ды қуып жетіп басып озады. Міне, оның бойын­дағы қайы­рымдылық пен ізгілік, әділдік пен батыл­дық, өжеттік және талапкерлік секілді қасиеттер осылайша бала кезінен қалып­тасқанын аңғартады.

– Мәншүктің есімі бүгінгі ұрпақтың бойында ерлікті дәріптеу мен отан­шылдық сезімді орнықтыруда қанша­лықты ықпал жасап отыр деп санайсыз?

Республика аумағында жасақталған музейлер келушілерге негізінен екі түрлі бағытта қызмет көрсетеді. Мұның бірін­шісі тарихи-өлкетану тұрғысында болса, екіншісі патриоттық сипаттағы музейлер. Орал қаласындағы Мәмето­ваның мемо­риалдық му­зей үйі патриот­тық рухани орындар қатарынан ойып тұрып орын алады. Осы арқылы ол өзіңіз айтқандай бүгінгі қа­зақ­стандық жас­тардың бойында отаншыл­дық сезімді те­реңдетуге, қажет жерінде өз мемле­кетін қорғай білу қасие­тін орнық­тыруға, ел мен жерді, туған топырақты шек­сіз сүйе білуге ықпал жасайды. Осындай па­триоттық қасиеттердің тамыр тартуына үндейді.

Бүгінгі күні республикалық маңызы бар біздің музей бүгінгі жас ұрпаққа па­триот­тық тәрбие беретін орталыққа айналып келеді. Патриоттық музейлердің ең басты ерекшелігі мен артықшылығы да осында. Бұдан ширек ғасыр бұрын Мәме­това музе­йінің жанынан құрылған «Майдангер әйел­дер» клубының мүше­лері не­гі­зінен Мән­шүктің тұстастары мен қатар­ластары. Олар­дың бәрі де майдан шебінде болғандар. Бүгінде олардың ең жасы кішісінің өзі тоқ­санға таяп отыр. Міне, ұзақ жылдар бойы олар ақ қырау шалған басы мен ұлғайған жастарына қарамастан, ұрыс даласынан қайтпай қалған ерлердің өшпес ерліктерін үлгі етіп дәріптеумен келеді. Әрине, бұл тізімнің басында Мәншүк Мәметова тұрғаны айтпаса да белгілі шығар.

Мәншүктің өшпес рухы мен ерлігі егемен еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың бойында отаншылдық мінез-құлықты ор­нықтыруға қызмет жасай бермек. Оның есімі бізге сонысымен де қымбат, сонысымен де қастерлі.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.