05 Сәуір, 2012

Арғы жақтан жаңалық

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арғы жақтан жаңалық

Бейсенбі, 5 сәуір 2012 7:35

Халықаралық Олим­пиадалық комитет Лондон Олимпиадасына Сауд Арабиясының спорт­­шы қыздары қатысуы мүм­кін екенін хабарлады.

Бұл күндері ХОК өкілдері осы мәселе бойынша Сауд Арабиясы үкі­метімен келіссөздер жүргізуде. Тараптар мәселені шешсе, онда араб қыз­дары тұңғыш рет Олимпия ойындарына қатысатын болады. Қазіргі кезде Сауд Арабиясынан басқа Бруней мен Катар елдерінің қыздары да Олимпиададан шет қалып келеді.

*    *    *

Ұлыбританияның Қор­ғаныс министрі Филипп Хэммонд Олимпиадада Лондон қаласын қор­ғау үшін қажет болған жағдайда жер-әуе зымыранда­рының пайдаланылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Осы мәселе бойынша парламентте  сөйлеген сөзінде қорғаныс министрі Олимпиада кешендерінің қауіпсіздігі тексерілген соң ойындар өтетін аумаққа мыңдаған британдық сарбаздар орналастырылатынын айтты.

Олимпиадада мұндай қауіпсіздік шаралары 1972 жылы Мюнхенде өткен Жазғы Олимпия ойындары кезінде Израильдің 11 спортшысы мен жаттық­ты­рушысы өлтірілгеннен кейін жасалып келеді.

*    *    *

Олимпиаданы Маккартни ашады. Ұлыбританияның атақты The Beatles тобының әншісі болған Пол Маккартни Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсетіп, жарысты ресми түрде ашуға келісімін берді.

Бұған дейін Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті жарысты ашуға The Rolling Stones, Led Zeppelin топтары мен The Beatles тобының тағы бір мүшесі болған Ринго Старрды шақырған болатын. Алайда солардың ішінен тек Маккартни ғана келісімін берді. Әншінің өзі болса Олимпиаданың ашылу салтанатын тағат­сыз­дана күтіп отырғанын, бірақ орындайтын әнін әлі таңдай алмай жатқанын айтуда.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Маккартниден басқа тағы бірнеше әншінің келетіндерін мәлімдеді. Олардың арасында Girls Alound, Spise Girls, Coldplay және Muse топтары бар.