Әлем • 09 Мамыр, 2019

Елбасы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

978 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды.

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті.