Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Елордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 және 18 мамырда сағат 09:00 мен 19:00 аралығында әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған автобустарда азаматтарды қабылдайды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлерінен кеңес және құқықтық көмек алу, жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және тағы да басқа сұрақтармен жүгіне алады. Мобильді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» жазуы бар шағын автобустарда қабылдайды. 

Іс-шара қаланың 4 аумағында өтеді: 

- Есіл ауданында – «Ailand» ОДО (Қорғалжын тас жолы, 2); 

- Байқоңыр ауданында – Нұр-Сұлтан қ. ПД ӘПБ (Жетіген көшесі, 16); 

- Сарыарқа ауданында – Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі); «Нұр-Сұлтан 1» ТЖ вокзалы алдында (Гете көшесі, 1); 

- Алматы ауданында – «Рахмет» СОСО (Б. Момышұлы даңғылы, 10); «Алатау» СК (Тәуелсізді даңғылы, 1/1). 

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 71-60-77, ұялы тел: 87761972348.