«Адамдар қайда сапалы өмір сүруге болатыны жөнінде шешім қабылдап жатыр. Олардың бақуатты өмір сүруі даму нүктелеріне шоғырланады және бұл орындар мегаполиске айналады. Бүгінде Жер шары тұрғындарының 55% немесе 4 млрд адам қалада тұрады. 2020 жылға қарай, қала халқы екі есеге артуы мүмкін. Сонда әрбір 10 адамның жетеуі қалалық болмақ. Инвестициялар мемлекетке емес, қалаларға түседі. Бәсекелестік те қалалар арасында жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлемдік ЖІӨ 80% қалаларда түзіледі. Өнімділікті арттырып, инновацияларды көбірек енгізген урбанизация тұрақты өсімге де ықпал ете алады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан қалаларының табысы - мемлекеттің әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуының негізгі факторы. Қазақстан да жалпыәлемдік урбанизация үрдісіне бет алды.
«Қазақстандағы урбанизация белсенді түрде жүргізіліп келеді. Қазақстан халқының 40% ауылдарда тұрады. Алайда олардың 20% қалада, 20% - ауылда жұмыс істейді. Бізде ірі қалалардың саны артып келеді. Ел астанасы 20 жылда 180 мың адам тұратын провинциалды қаладан миллиондық мегаполиске айналды. Алматы қаласының тұрғындары 2 млн асады. Өткен жылы миллиондық қалалар сапына Шымкент қаласы қосылды. Тағы екі қаланы осы қатарға қосуды жоспарлап отырмыз», деді Елбасы.