Руханият • 17 Мамыр, 2019

Елордада Ержан Максимнің жеке концерті өтеді

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын Ержан Максимнің жеке концертіне шақырды.

Елордада Ержан Максимнің жеке концерті өтеді

«2019 жылғы 28 маусымда сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас дарын Ержан Максимнің жеке концерті өтеді», деді Арыстанбек Мұхамедиұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, Ержан Максиммен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.